ҚР ІІМ Тергеу департаментінің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағытта Түркістан облысының жеке құрамына сабақ өткізу бойынша кесте түзілді. Бекітілген кестеге сәйкес департамент бастығының орынбасары А.Қалдарбековтың төрағалығымен үлкен мәжіліс залда Түркістан, Кентау, Сауран ауданының тергеу, анықтау қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің учаскелік полиция инспекторларына Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар түсіндірілді. Сондай-ақ практикада қолдануға қатысты арнайы сабақ өткізілді.
Жедел кеңесте Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Б.Дошманов, ЖПҚБ бастығының орынбасары Б.Ахметов пен Тергеу басқармасының бастығы Ж.Құлмахан, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша, ағымдағы жылдың 14 маусымында қолданысқа енгізілетін әрбір бапты талқылап, алгоритмде көрсетілген тергеу практикасының жай-күйін түсіндірді.
Алдағы уақытта аталған департаментпен құрылған топ, қалған барлық полиция бөлімдерінің жеке құрамына түсіндірме сабақтарын өткізу жоспарлануда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі