ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы мен Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы Шымкент қаласындағы №13 қалалық емханасының жұмысымен танысты.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Көшікбаев қатысты.
Мекеме жұмысымен танысу барысында денсаулық сақтау қызметкерлерімен әлеуметтік мәселелерді талқылай келе 2021 жылғы 01 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Жолдауында көрсетілген «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» бағытында мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Айта кетсек, №13 Қалалық емханасы «Qamqor GP» ЖШС-не 15 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген.
Кездесуге қатысқан «Qamqor GP» ЖШС-ің директоры Жолаева Гүлнара Икрамқызының айтуынша, қазіргі таңда емхананың материалдық-техникалық базасын жаңғырту және емхана тарапынан азаматтарға көрсетіліп жатқан медициналық қызмет сапасын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда емханаға тіркелген барлық азаматтарға 400-ге жуық медицина қызметкерлері сапалы медициналық қызметтер көрсетіп жатыр.
R-factor ақпарат