• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

102-ГЕ КЕЛГЕН АҚ ӘЖЕ ҰРПАҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІ

Автор:admin

Ноя 20, 2022
Spread the love

Бүгінгі сайлау күні 18-ге толған жастардан бастап, кәриялар да сайлау учаскесіне келіп қалаған үміткеріне дауыс беруде. Солардың қатарында Асар-2 мөлтек ауданының №266 сайлау учаскесінде 102 жастағы тұрғыны Чимирова Орынша Төлегенқызы да бар. Әже өзінің таңдауын жасап болған соң, көпшілікке ақ батасын берді.
Сайлау учаскесінің қызметкерлері ақ әжеге шапан жауып, ақ орамал тақты.
Сонымен қатар, Шымкенттің тұрғындары Президент сайлауына әулеттерімен келіп, дауыс беріп жатыр.
Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаты – Жақыповтар әулеті де бүгін сайлауға қатысты. Отбасы мүшелері Қаратау ауданында орналасқан №233 сайлау учаскесінде дауыс берді.
– Әр отбасы – шағын мемлекет. «Отан – отбасыдан басталады» деп жатады. Өз отбасыңдағы іске бей-жай қарамайтынымыз сияқты елдің де ісіне солай жауапкершілік танытқан жөн. Мемлекет дегеніміз не? Мемлекет деген – біз, әрқайсымыз. Сондықтан отбасымыздағы сайлау құқығына ие барлығымыз бүгінгі сайлауға келіп отырмыз. Еліміздің бейбіт келешегі үшін бүгінгі әр сайлаушының даусы маңызды, – деді «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Жақып Құттыбеков.
Айта кетсек, биылғы «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңіне 16 отбасы жолдама алып, дауыс басымдығымен Қаратау ауданынан қатысқан үміткер, бокстан Әлем чемпионын өсірген Жақыповтар әулеті республикалық кезеңге өткен болатын.
Айта кететін, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сайлауда өз таңдауын жасап,
231 сайлау учаскесінде дауыс берді.
“Бүгін алдағы 7 жылымызды айқындайтын, Қазақстан Республикасының Президенті сайлауы өтуде. Еліміздің әрбір тұрғыны бұған бей-жай қарамайды деп сенемін. Қазақстан азаматы ретінде мен де өз таңдауымды жасадым”-деді М.Әйтенов.
Шымкент қаласында бүгін заң талаптарына сай және заңда бекітілген мерзімде 311 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне толық таратылған.
Сайлау процессі заңда белгіленген тәртіпте өтуін тәуелсіз бақылаушылар қадағалауда.
Әр сайлау учаскесінде 2 Полиция қызметкері кезекшілікке қойылды.
Сайлау комиссиясы бойынша 2700 адам қатысуда. 14 халықаралық байқаушы бар, оның екеуі ОБСЕ-ден, 10-ы Өзбекстан Республикасынан, Қырғызстан елінен 2 адам қатысып отыр.
Қалада қоғамдық-саяси ахуалға кері әсер ететін жағдайлар жоқ.
Тұрғындарға қолайлы жағдай қарастырылған. Әр азамат өз учаскелері бойынша дауыс беруі үшін қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика