• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«1-МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ» ҚАРСАНЫҢДА «БАЛАҢА УАҚЫТ АРНА» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Автор:admin

Май 31, 2024
Spread the love

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «Балаңа уақыт арна» акциясы бастау алды.
Акцияның мақсаты – қоғам назарын отбасындағы бала тәрбиесіне, отбасы құндылығын насихаттау, ата-аналардың өз балаларына назарын арттыру, отбасылық институтын нығайту, балалардың бос уақытында қауіпсіздік деңгейін арттыру және де тағы да басқа көптеген мәселелер бойынша жұмыстар жүргізу.
Осы мақсатта, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы жанындағы «Түркістан станциясы» бастауыш партия ұйымының мүшелері өз ара жиын өткізді.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек.
Қоғамның кішкентай бір бөлігі-отбасы болып табылатындықтан, мәдениеттілік пен өркениетке жету үшін, ең алдымен әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы баспалдағы отбасынан басталады.Тамыры терең бақытты отбасынан ғана, өскелең ұрпақ қалыптасады. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігінді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақтың көрінісі, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отырады. Осы мақсаттарға жету жолында міндетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік – отбасы болса, екіншісі, алтын ұя – мектеп. Бұл екі ортаның мақсат-мүддесі ортақ. Отбасында алғаш тәрбиенің көрінісі қалыптасып, дәні себілсе, адам бойындағы бар игі қасиетті одан әрі дамытып, тірегін қалыптастырар-мектеп. Бұл арада үлкен рөлге ие болатын мұғалім мен ата-анаға артылатын жүк ауыр.Біздің ойымызша бала тәрбиесімен бала туылғаннан бастап аса жауапкершілікпен қарау, және бала денсаулығы мен қызығушылығын арттыру ең алдымен ата –ана мен ұстаздың үлкен бір міндеті болып саналады деп есептесек қателеспиміз.
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көргендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ананың әрбір іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала – ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа, адалдыққа баулып өсіруі шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата-ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата-ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, тер төккен еңбегінің жанғаны. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өздерінің керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя. Мектеп пен отбасы арасында саналы да тәрбиелі бала тәрбиелеу үшін өте тығыз байланыста болуы керек. Бірлік арқылы біз көздеген мақсатымызға жетеміз және де адамға тән жақсы қасиеттерді бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз.
Бала тәрбиесі – баршаға ортақ болғандықтан жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу – ең негізгі міндетіміз. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Бала тәрбесінде ең бірінші ата ананың алар орны таудан биік, судан терең себебі бала мектепте немесе қоғам орындарында ата-ана қолдауы арқылы ғана биік белестерден көріне алады.
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.
Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді. Ата-ана мен бала үйлесімділігі.
Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек? Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы, жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек.
Бала тәрбиесінде баланы дұрыс жолға салатын да, теріс жолға салатын да ата-ана. Біз ұстаз ретінде ата-анаға берер кеңесіміз, балаға тәрбие бермес бұрын алдымен өзіңізден бастаңыз, бала ақ қағаз тәрізді оған дақ түсіретін де, гүлдендіретінде өзіңіз.Егерде балаңыздың көзі ашық, болашағы зор, үлкен азамат болып өскенін қаласаңыз, балаға әрдайым қолдау көрсетіңіз, екіншіден баланы әрдайым мақтаңыз, және мақтан тұтыңыз, бала өзінің өмірге не үшін келгенін білуі тиіс, өзінің қажеттілігін сезінуі керек, сонда ғана бала алдына мақсат қойып, биік шыңдарды бағындыра алады, балаңызға әрдайым тірек болсаңыз,ол сіздің ұмітіңізді ақтайды. Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі біздің болашақ.
Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мәдениет пен адамгершілікті қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады.
Отбасы құндылықтары бала тәрбиесінен бастап ересек отбасы мүшелерінің қолдауы мен құрметіне дейінгі барлық дүниеден көрінеді.
Отбасы құндылықтарының бірі – жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, махаббаты. Отбасының негізін, шындығында, махаббат сезімі құрайды. Бұл дегеніміз отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білу. Махаббат бар жерде өзара үйлесімділік, эмоционалды күшті байланыс, әрі бақытты отбасы болуға деген ұмтылыс болады.
Екінші маңызды отбасылық құндылық – құрмет көрсету. Сыйластық – әр отбасы мүшесін жеке тұлға ретінде мойындау, олардың пікірлерін, тілектері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарауды қамтиды. Сыйластық бағаланатын отбасында ашық диалог болады. Ондай отбасы өзара түсінісіп, адамның ерекшелігін, айырмашылығын қабылдай біледі. Әрбір отбасы мүшесінің жеке шекарасын, мәдени және діни дәстүрлерін құрметтеу – сенімді қарым-қатынас орнатуға және бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Сенім – бұл отбасылық үйлесімділікті сақтауда маңызды рөл атқаратын үшінші отбасылық құндылық болып саналады. Бұл – отбасының әрбір мүшесі басқа мүшелердің қолдауы мен оны ешқашан жолда тасмайтынына сене алатынын білдіреді. Сенім бар жерде адамдар өз ойлары мен сезімдерін ашық білдіре алады деген сөз, яғни қауіпсіздік атмосферасын құрылады. Сенім, сонымен қатар, эмоционалды байланыстың дамуына ықпал етеді әрі кикілжіңдерді бейбіт түрде ақылға салып шешуге көмектеседі.
Бақытты отбасына байланысты тағы бір құндылықтың бірі – жауапкершілік. Жауапкершілік әр отбасы мүшесінің отбасы өміріне өзара қатысуы мен қосқан үлесінен тұрады. Бұл өз міндеттерін орындауды, басқа отбасы мүшелеріне көмектесуді және олардың шешімдері мен әрекеттері үшін жауапкершілікті қабылдауды қамтиды. Жауапкершілік отбасы ішіндегі сенімділік пен меншік сезімін дамытуға ықпал етеді.
Білім мен дамуды қатар алып жүру де маңызды отбасылық құндылықтар болып табылады. Білімді бағалайтын отбасы өз балаларын немеме басқа мүшелерін үнемі оқытуға және дамытуға баса назар аударады. Білімге ұмтылуын, мектептер мен университеттерге баруын және білім беру процестеріне белсенді қатысуын ынталандырады. Білім отбасының әр мүшесінің жеке дамуына ғана емес, сонымен бірге өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
Жалпы, отбасылық құндылықтар отбасы ішіндегі салауатты және бақытты қарым-қатынастың негізін құрайды. Құндылықтар үйлесімділікті, сенім мен сыйластықты қалыптастыруға, сондай-ақ жеке тұлғалардың дамуына және отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Шексіз сүйіспеншілік, құрмет, сенім, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс отбасына қиындықтарды жеңуге және бірге бақытты, тұрақты өмірге қол жеткізуге көмектесетін негізгі принциптер болып табылады.
Міне осындай принциптерге негізделген отбасы тату, кикілжіңді бірге отырып шешетін, психологиялық тұрғыда сау азаматтарды өсіріп шығарады. Бұл мемлекетіміз үшін аса маңызды дүние. Өз халқымыздың тарихы тұрғысынан қарайтын болсақ, қазақта үлкенге құрмет, кішіге ізет о бастан дәріптеліп, отбасының бұзылуына көп күш салған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, отбасында әке мен шешенің жанжалын көріп өткен бала, азамат болғанда өзі көрген отбасын құратын болады. Мұны психолог мамандар да растайды. Ата-анасы тату, айрандай ұйыған отбасында тәрбие көрген баланың бойына отбасылық құндылықтар сіңіп, жанұя құру деген түсінікті маңызы зор, қасиетті ұғым деп қабылдамақ. Сондықтан қоғам тарапынан ғана емес, мемлекет тарапынан да ұлттық идеологияға назар аударылғаны дұрыс.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген отбасыда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.
Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады.
Отбасы — адамзаттың алтын діңгегі іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмас. Жастарды ұлттық нышандағы құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы.
Айта кететін, баланың толыққанды дамуының, оның психологиялық денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңызды шарты психологиялық қауіпсіздік болып табылады.
Психологиялық жайлылық жағдайларын жасау (қоршаған орта балаға травматикалық емес, дамушы әсер еткен кезде) «психологиялық қауіпсіздік»деп аталды. Бұл жағдайда баланың психикалық денсаулығына ішкі және сыртқы қауіптер жеткілікті түрде көрінеді.
Баланың психологиялық қауіпсіздігіне төнетін қауіптің негізгі көздерін білу керек және оларды мүмкіндігінше жою керек. Баланың психологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін көздерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы көздер:
I. Физикалық:
1. Қолайсыз ауа райы жағдайлары
2. Қатаюдың мәнін жете бағаламау, баланың таза ауада болуын қысқарту
3. Тамақтанудың ұтымсыздығы мен тапшылығы, оның монотондылығы және нашар ұйымдастырылуы
4. Үй-жайларды күтіп ұстауға қойылатын гигиеналық талаптарды сақтамау және бірінші кезекте желдету режимінің болмауы
5. Ойыншықтарға қол жетімділігі шектеулі болған кезде баланың қоршаған ортаға деген дұшпандығы, кеңістіктің түсі мен жарық дизайны ойластырылмаған; табиғи қозғалыс қажеттілігін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жоқ; баланың қауіпсіздігі туралы жалған уайымнан туындаған негізсіз тыйымдар бар.
II. Әлеуметтік:
1. Балаларды манипуляциялау, жеке тұлғаның оң дамуына айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл ересектер бала үшін бәрін жасауға тырысады, осылайша оны шешім қабылдауда да, іс-әрекетте де Тәуелсіздік пен бастамадан айырады.
2. Балалардың басқа балалармен, ата-аналармен, басқа ересектермен тұлғааралық қарым-қатынасы. Балалар қоғамдастығы, ата — аналар қандай да бір себептермен баланы қабылдамауы мүмкін (мысалы, ол күткен жоқ). Дөрекілік пен қатыгездік көрінуі мүмкін. Нәтижесінде, қабылданбаған балалар микросоциумда дезориентация сезімін дамытады.
3. Интеллектуалды-физикалық және психоэмоционалды шамадан тыс жүктеме, балалар өмірінің иррационалды емес режиміне байланысты, күнделікті өмірдің монотондылығы.
4. Байланысты дұрыс ұйымдастырмау. Авторитарлық стильдің басым болуы, ересектердің балаға деген қызығушылығының болмауы.
5. Бала қоғамында, отбасында оның мінез-құлқын реттейтін балаға түсінікті ережелердің болмауы.
Ішкі көздер:
1. Отбасындағы дұрыс емес тәрбие нәтижесінде қалыптасқан теріс мінез-құлық әдеттері. Нәтижесінде баланы балалар мен ересектер саналы түрде қабылдамайды.
2. Баланың басқа балалардың сәтсіздіктері аясында хабардар болуы. Бұл кемшілік кешенінің қалыптасуына және мысалы, қызғаныш сияқты жағымсыз сезімнің пайда болуына ықпал етеді.
3. Автономияның болмауы. Ересек адамға тікелей тәуелділік, ол өздігінен әрекет ету керек болғанда дәрменсіздік сезімін тудырады.
4. Баланың жеке-жеке ерекшеліктері,мысалы, қалыптасқан (ересектердің көмегінсіз) қорқыныш немесе үнемі назарда болу әдеті. Психологиялық қауіпсіздігі бұзылған баланың стресстік жағдайының белгілері келесі симптомдарда көрінуі мүмкін:
— ұйықтап жатқан қиындықтар мен тыныш ұйқы;
— жақында оны шаршатпаған жүктемеден кейінгі шаршау;
— себепсіз жанасу, жылау немесе, керісінше, агрессивтіліктің жоғарылауы;
— ұмытшақтықта, абайсызда;
— мазасыздық пен тыныштықта;
— өзіне деген сенімділік болмаған кезде, бұл баланың ересектерден мақұлдауды жиі іздейтіндігінде, олар сөзбе-сөз басылады;
— қыңырлықтың көрінісінде;
— ол үнемі тырнақтарын тістеп, саусағын сорып немесе бірдеңе шайнап, тым ашкөз, тамақты жұтып, Мұқият жейді (кейде, керісінше, тәбеттің тұрақты бұзылуы байқалады);
— қорқып, контактілер, ұмтылуға журналда ассоциация, бас тарту қатысуға ойындар құрдастарының (жиі бала бесцельно бродит емес, мемлекет меншігіндегі өзіне сабақ);
— иықтың бұралуы, басын шайқау, қолды шайқау;
— дене салмағының төмендеуі немесе, керісінше, семіздік белгілері пайда бола бастайды;
— мазасыздықтың жоғарылауы;
— бұрын байқалмаған күндізгі және түнгі зәр ұстамау және басқа да құбылыстар.
Жиында жұмыс берушілердің жұмыс пен отбасылық міндеттер арасындағы үйлесімділікті табу қажеттігін түсіну мақсатында ата-аналар өз балаларымен көбірек уақыт өткізу үшін жұмыс берушілер қызметкерлерді жұмыстан кейін кешіктірмеуге, мереке күндерге жұмысқа шақырмауға үндеу, алдағы жаз маусымында балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және отбасы институтын нығайту жайы талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар бірқатар ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика