• Сб. Сен 20th, 2025
Популярные метки

ӨЗБЕК ЭТНОСЫ КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Автор:admin

Сен 20, 2025

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дўстлик» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» кеңінен аталып өтті.

Мерекелік шараның шымылдығы Шымкент қалалық өзбек драма театры әртістерінің Абай мен Әлішер Науаи бейнелерін сомдаған ерекше сахналық көрінісімен ашылып, қонақтар ұлттық құндылықтарды айшықтаған көрмелерді тамашалады.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов, «Дўстлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а. Заңғарбек Усупахметов, Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім»
КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев және қоғам белсенділері қатысты.

Концерттік бағдарлама Мемлекеттік Әнұранмен басталып, театр әртістерінің «Қош келдіңіз» композициясымен жалғасты. Мукими атындағы №13 мектептің «Бахор» би ансамблі өзбек халқының ұлттық «Шодлик» биін және қазақ биін тарту етті. Шымкент қалалық драма театры «Сары Жайлау» композициясын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, қалалық опера және балет театрының әншісі Нематилла Зикриллаев Төлеген Мұхамеджановтың «Отан» және А.Зацепиннің «Тыңда» әндерін орындап, мерекенің сәнін келтірді. Сондай-ақ театр әртісі Шахиста Усманова өзбек халқының әсем әуені – «Мустахзод» әнін шырқады.

Мерекелік жиын барысында бірқатар азаматтар этномәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *