• Сб. Апр 11th, 2026
Популярные метки

Әл-Фараби ауданы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілікке қатысты

Автор:admin

Апр 11, 2026

Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жалпықалалық Тазалық күні ұйымдастырылды. Экологиялық шара Сәуле шағын ауданында өтті.
Сенбілікке шамамен 500-ге жуық адам қатысты. Іс-шараға аудан тұрғындары, коммуналдық сала қызметкерлері, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары және әскери бөлімнің жеке құрамы белсенді атсалысты. Жүзге жуық әскери қызметші қаланың жасыл белдеуін қоқыстан тазарту жұмыстарына қатысты.
Тазалық жұмыстары барысында 50 гектардан астам аумақ ретке келтірілді. Сонымен қатар заңсыз қоқыс орындары жойылып, ұзақ уақыт жиналған тұрмыстық қалдықтар толық шығарылды. Бұл жұмыстарға 15 арнайы техника жұмылдырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
#ТазаҚазақстан
#ТазаОрта
#ТазаШым
#Шымкент2026

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *