Бүгін, Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі — Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы төмендегідей мәлімдеме жасады
Әл-Фараби ауданы аумағында 17 шағын аудан мен 1 елді мекен орналасқан. 266 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда 931 көппәтерлі және 16 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар. Бүгінгі таңда ауыз су, электр энергиясы және табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткен.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл 33 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңы абаттандырылды, қосымша 5 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылы 56 аула, ал 2027–2028 жылдары тағы 52 аула абаттандырылады. Сонымен қатар, 9 спорт алаңы жөндеуден өтті.
Жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін 133 көшеге жарық шам орнату жоспарланып, қазіргі таңда 42 көшеде толық іске асты. 112 көппәтерлі тұрғын үйдің 63 ауласына жарық шам қойылып, қалғандары жыл соңына дейін аяқталады.
Көшелерге асфальт төсеу және жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. 2025 жылы жоспарланған 25 көшенің 18-інде жаңа асфальт төселді, қалған 7 көшеде жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, 85 көшенің асфальт қабатын жаңарту жоспарланған, оның 23-і аяқталды.
Сонымен бірге, аяқжол салу, ирригациялық арықтар орнату, көпқабатты үйлердің қасбетін жарықтандыру, мурал салу және жаңа скверлер ашу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.
Ауданда тұрғындардың қоғамдық қауіпсіздігіне ерекше мән берілуде. Қауіпсіздік камералары желісі кеңейтіліп, көшелер мен тұрғын үйлердің маңайында бақылау күшейтілуде. Бұл шаралар қылмыс деңгейін төмендетуге және тұрғындардың тыныштығын сақтауға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында әлеуметтік нысандарды дамыту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, қосымша оқу орындары салу мәселесі қарастырылуда. Бұл білім беру сапасын жақсартуға және жас ұрпақтың сапалы білім алуына бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. Аудандық емханалар мен медициналық орталықтардың қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында заманауи құрал-жабдықтар сатып алынып, медициналық кадрларды қайта даярлау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан тұрғындарының белсенділігін арттыру мақсатында мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жаңа спорт алаңдары мен мәдениет үйлері халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Әл-Фараби ауданының дамуы — Шымкент қаласының жалпы дамуына қосылған маңызды үлес. Инфрақұрылым мен әлеуметтік саладағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асуда. Бұл — қала әкімдігінің тұрғындар мүддесін бірінші орынға қойып, тұрақты даму жолында жасап жатқан нақты істерінің көрінісі.