• Вт. Дек 9th, 2025
Популярные метки

«Әлеуметтік әмиян» – әлеуметтік қолдаудың ашықтығын арттырып, бюджет қаражатын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін маңызды цифрлық жоба.

Автор:admin

Дек 9, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық тапсырмалары бүгінде нақты жобалар арқылы жүзеге асып келеді. Соның бірі – әлеуметтік қолдауларды әділ, ашық және нақты жеткізуді қамтамасыз ететін «Әлеуметтік әмиян» сервисі.

Осы тақырып аясында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры Тамара Дүйсенованың төрағалығымен кеңейтілген онлайн-отырыс өтті. Жиынға Zoom арқылы қатысып, Шымкент қаласындағы нәтижелермен бөлістім.

Қала бойынша 151 мектепте аппараттық-бағдарламалық жүйе толық орнатылған. Балалардың асханаға нақты кірген уақыты автоматты түрде тіркеліп, төлем бұрынғыдай тізім бойынша емес, нақты тамақтанған оқушылар санына сәйкес жүргізілуде. Соның нәтижесінде қыркүйек-қазан айларында 460 млн теңге үнемделді. Бұл қаражат білім беру сапасын арттыруға бағытталады.

Сонымен қатар біз «Әлеуметтік әмиян» жүйесіне мектеп формасын, кеңсе тауарларын, әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арналған қосымша қолдау түрлерін енгізу жөніндегі ұсыныстарымызды жеткіздік.

«Әлеуметтік әмиян» әлеуметтік төлемдерді қағазсыз, артық рәсімдерсіз, нақты алушыларға жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде елімізде 1,6 млн бала мектепте ыстық тамақпен, 2 млн-нан астам азамат электронды рецепт бойынша дәрі-дәрмекпен қамтылған.

Отырыс соңында Тамара Дүйсенова 4 млн азаматты қамтитын кең көлемді оқыту науқанының басталғанын хабарлады. Бұл жұмыс мектептер мен емханаларда мамандарды, ата-аналарды, сондай-ақ әлеуметтік қолдау алушыларды жүйені дұрыс пайдалануға үйретуге бағытталған.

Алдағы уақытта бақылау қағаз жүзінде емес, толықтай цифрлық мәліметтерге негізделетін болады.

«Әлеуметтік әмиян» – мемлекеттік қолдаудың ашықтығын жаңа деңгейге көтеретін жоба. Шымкент қаласы осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыра береді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *