• Ср. Апр 9th, 2025
Популярные метки

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛМАҒАН ТОПТАРҒА АРНАЙЫ КВОТА БЕРІЛЕДІ

Автор:admin

Дек 6, 2022
Spread the love

Шымкент қаласында науқастардың құқықтарын қорғау мақсатымен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына квота беру жұмыстары басталды.
Квота осал топтағы азаматтарға емделу үшін медицина ұйымының басшылығы шешімімен беріледі. Мұндай ем түрін он сегіз жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектер, көп балалы аналар, зейнеткерлер және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар алуға құқылы.
Емдеу шараларын тиісті деңгейде жүргізу үшін денсаулық сақтау басқармасы мен «Сынақ» мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және әлеуметтік құқықтарын іске асыру, қорғау» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік стационарлық көмек көрсететін ұйымдарға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ұйым басшыларына әлеуметтік қорғалмаған осал топ өкілдеріне бөлінген жоспарлы емді жандандыру бойынша ұсыныстарын берді.
Бұдан бөлек науқастардың құқығын қорғау мақсатында жекеменшік медицина орталықтарына да әкімшілік квота бөлу мәселесі бойынша тұрақты мониторинг жүргізілмек.
Басқарма басшысы әлеуметтік қорғалмаған осал топ өкілдеріне бөлінген квота тікелей өз бақылауында болатынын айтты.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 337 мүмкіндігі шектеулі азамат (2021 ж. – 36 537) тіркелген, оның ішінде:
— бірінші топтағы мүгедектер – 3 441 (2021 ж. – 3372);
— екінші топтағы мүгедектер – 14 717 (2021 ж. – 14 556);
— үшінші топтағы мүгедектер – 12 335 (2021 ж. – 12 191);
— 18 жасқа дейінгі 6 844 мүгедек балалар (2021 ж. – 6418) тіркелген.
Нақты айтатын болсақ төмендегі жұмыстар жүргізілді:
— протездік-ортопедиялық құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4 108 өтініш қабылданып, 1 310 құрал қамтылды (41,8%) (2021 жылы – 6307 өтініш қабылданып, 4382 адам қамтылды (69,5%);
— сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 10 132 өтініш қабылданып, 7 957 құралдармен қамтылды (78,5%) (2021 жылы – 16 322 өтініш қабылданып, 14 846 қамтылды (91%);
— мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 573 өтініш қабылданып, 225 құрал қамтылды (39,2%) (2021 жылы – 1276 өтініш қабылданып, 1163 адам қамтылды (91,1%);
— жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 542 азамат мұқтаж болса, 2 159 азаматқа қызмет көрсетілді (85%) (2021 жылы – 2494 азаматқа);
— 8 033 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 1 200 азамат қамтылды (15%) (2021 жылы –5602 азаматтан өтініштер қабылданып, 4778 адамға жолдама берілді (85,3%);
— мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 18 көлікке 420 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 1200 өтінім);
— Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 55 автокөлікке 567 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілуде (2021 жылы – 651 өтінім);
— Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 175 жолдама берілді (2021 жылы – 1 215 жолдама);
— Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 198 жолдама берілді (2021 жылы – 1641 жолдама).
Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика