• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің сипаттамасы: мүгедектігі бар адамдарға көмектесу, зейнеттің бейнеті!

Автор:admin

Ноя 5, 2022
Spread the love

Республикада 702 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын 702,1 мың мүгедектігі бар адамның 424,5 мыңы еңбекке қабілетті жаста (60,5%), 180,7 мыңы зейнеткерлік жаста (25,7%) және 96,9 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (13,8%). Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат олардың қоғамға толыққанды кірігуіне және халықтың осы санаты басқалармен теңдей өмір сүріп, жұмыс істеп, білім алуы, қоғам өміріне еркін қатысуы, белгілі бір шешімдер қабылдауы және т. б. үшін кедергілерді еңсеруге, жоюға бағытталған. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек пен қолдауды; әлеуметтік оңалту шеңберінде организмнің жоғалтқан функцияларының орнын толтыруды; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Мүгедектігі бар адамдар көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий-курорттық емделумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі. «Мемлекет тұрақты негізде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда. 2020 жылы әлеуметтік төлемдерге, техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен 455 млрд теңге бөлінді, ағымдағы жылы осы мақсаттарға 486 млрд теңге көзделген. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде тіршілік әрекетінің барлық бағыттары бойынша кешенді шаралар қабылдануда», – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – МӘЖ) алушылардың саны 528,1 мың адамды құрайды. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша МӘЖ төлеуге 232,4 млрд. теңге жұмсалды. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ-дің орташа мөлшері 48 743 теңгені құрады. «Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 2020 жылы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары (бұдан әрі – ОТҚ) мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Жыл басынан бері Портал арқылы 214 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6 мыңнан астамы – ымдау тілі қызметін, 32,5 мыңнан астамы – жеке көмекшінің қызметін, 48 мыңға жуығы – санаторлық-курорттық ем алды», – деп толықтырды Серік Шәпкенов. Сонымен қатар, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Еңбекмині мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру және олар алатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Осы жұмыстың іске асырылуын бақылауды Министрліктің жобалық офисі жүзеге асырды. Қыркүйекте ҚР Парламенті қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның ерекше маңызы бар. «Құжатта мүгедектіктің себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға арналған жәрдемақыны енгізу қарастырылған. Нәтижесінде бұл жәрдемақы бөгде адамның күтімін қажет ететін қосымша 24 мың адамды қамтиды. Сондай-ақ, заңда 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылған. Бұл көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті балалар ауруының ауырлық дәрежесіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37% — ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл шара мүгедектігі бар 30 мыңнан астам балаға қатысты болады. Сондай-ақ заңда мүгедектік бойынша және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Жұмыс берушінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, еңбек жарақатынан мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен ОТҚ-мен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету заңның тағы бір жаңашылдығы болып табылады. Сонымен қатар, құжатта мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді. Сонымен қатар, заңда мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту қарастырылған, бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсер етеді», – деді Серік Шәпкенов. Сондай-ақ, халықтың басқа санаттарымен қатар мүгедектігі бар адамдар тұрақты тұратын немесе қызмет алатын медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі – МӘМ) қызметін регламенттейтін бірқатар бұйрықтарға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, барлық МӘМ-де бейнебақылау камераларын орнату қарастырылған. Камералар ұйымға іргелес жатқан аумақтың периметрі бойынша, негізгі және қосалқы кіреберістердің жанында, сондай-ақ үй-жайлар мен жалпы пайдалану кабинеттерінде орнатылады. МӘМ-дегі туыстары мен жақын адамдарының жазбаларды көруге рұқсаты болады. Бұдан басқа, МӘМ директорларын тағайындау кезінде оларға қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды. Бұл азаматтармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың басшыларын тарту арқылы өңірлердегі кадрлық дағдарыс проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, МӘМ-нің материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормативтері жақсарды. МӘМ қызметі әлеуметтік қорғау органдарының тұрақты бақылауында. «2021 жылдың І жартыжылдығында Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары медициналық-әлеуметтік мекемелерге «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдардың сақталуы бойынша 469 тексеру жүргізді. Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 379 нұсқама, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 70 нұсқама берілді. Нәтижесінде жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге 71 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында 335,4 мың теңгеге салынды. Министрлік МӘМ жұмысының алдын алу және мониторингін күшейту бойынша жүйелі шараларды әзірлеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде», – деп атап өтті Серік Шәпкенов. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың рәсімдері мен мерзімдерін оңтайландыру мақсатында Еңбекмині мүгедектікті сырттай белгілеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Осы айдың өзінде жоба Қазақстанның 6 өңірінде пилоттық негізде болады. Оны іске асыру келешекте мүгедектігі бар адамдардың инстанциялар бойынша жүруін және көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмауға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың қазан айында жергілікті атқарушы органдар мүгедектер күніне орайластырылған салтанатты іс-шаралар өткізеді (байқау-конкурстың, шығармашылық фестивальдердің, Паралимпиада ойындарының, арнайы Олимпиадалар мен чемпионаттардың жеңімпаздарын марапаттау), мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан белсенділерге құрмет көрсетеді. Қалалар мен аудандардың әкімдері мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды аралайды. Медициналық-әлеуметтік мекемелер мен оңалту орталықтарында мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Ашық есік күндері» өтеді. Сонымен қатар, қайырымдылық акциялары аясында мүгедектігі бар ауыр науқастарға бару жоспарланған, оларға азық-түлік себеттері беріледі. Зейнетақы-  бұл  зейнеақымен  қамсыздандырылуға  құқығы  бар  азаматтар  заңнамада  көрсетілген  тәртіппен  Зейнетақы  төлеу  жөніндегі  мемлекеттік  орталықтан,  жинақтаушы  зейнетақы  қорларынан,  ал  әскери  қызметшілер,  ішкі  істер  органдарының  қызметкерлері  үшін  тиісті  қызметтерді  ұстауға  көзделген  қаражат  есебінен  төленетін  зейнетақы төлемдерінің жиынтығы. 1998  жылға  дейін  зейнетақы  кәсіпорындардың  өз  қызметкерлері  үшін  аударған жарнасы  есебінен  төленіп  келді.  Бірақ  жарнадан  жиналатын  қаражат  күндердің  күнінде  мемлекеттік зейнетақы үшін қажет болатын қаражат мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді.  Оның үстіне экономика дағдарысқа ұшырап, жұмыссыздық етек алған тұста бұл проблема  өткір сипат ала түскен. Осы жайт жаңа зейнетақы жүйесін енгізуге итермелеген ең негізгі  себептердің  бірі  болды.  Ескі,  «ынтымақтастық»  зейнетақы  жүйесі  мұндай  жағдайда  зейнетақының іркіліссіз төленуін қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.  «Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  1997  жылғы маусымның  27-сіндегі  заңның  қабылдануымен  байланысты  зейнетақы  реформасы  басталды.  Оның  мәні-  1997  жылға  дейін  өмір  сүрген  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің  зейнетақы қорларын  қалыптастыру  кезіндегі  ұрпақтардың  ынтымақтастығы  қағидатынан  жеке қорланымдардың қағидатына көшуде болды.   Жинақтаушы  зейнетақы  жүйесі  кезінде  әркім  өз  табысынан  (жалақысынан)  міндетті  зейнетақы  жарнасын  аударады.  Осы  көздің  есебінен  жинақтаушы  зейнетақы  қорлары  салымшыларының  зейнетақы  қорланымдары  қалыптасады.  Ұстау  және  жинақтаушы  зейнетақы  қорларына  міндетті  зейнетақы  жарналарын  төлеу  мына  мөлшерлемелер  бойынша  жүзеге  асырылады:  жалдамалы  қызметкерлердің  еңбегін  пайдаланатын  заңды  тұлғалар,  сондай-ақ  жеке  кәсіпкерлер,  адвокаттар  мен  жеке  нотариустар  ай  сайынғы  ақша  немесе  натуралдық  нысанындағы  табысынан  10  пайыз  мөлшерінде  жарна  аударады.  Міндетті  зейнетақы  жарналарын  есептеуге  алынатын  ай  сайынға табыс ең төменгі айлық жалақы мөлшерінің жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы  тиіс.  Кейін  зейнетақы  төлемдері  жинақтаушы  зейнетақы  қорларындағы  әркімнің  жеке  зейнетақы  шотынан  төленеді.  Сондықтан  зейнетақының  мөлшеріне  бюджеттің  жай-күйі,  қанша адамның жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсерт етпейді.  Салымшылар немесе жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарына қосымша  ретінде  ерікті  зейнетақы  жарналарын  төлей  алады,  олардың  мөлшері  шектелінбейді,  жарналар бірақ рет немесе дүркін-дүркін, ұдайы немесе аудару жолымен төленеді.  Зейнетақы  төлемдері  салымшының  таңдауы  бойынша  жинақтаушы  зейнетақы  қорларына  бағытталады,  салымшыға  зейнетақы  келісім  шартының  негізінде  жеке  зейнетақы шоты және жекеше номер- әлеуметтік жеке код ашылады.  Салымшылардың  қордаланған  жарналарын  зейнетақы  қорлары  уәкілетті  банк  (кастодиан)  арқылы  Зейнетақы  активтерін  басқару  жөніндегі  компанияға  береді,  ол  қаражаттарды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне және басқа қаржы тетіктеріне  орналастырады. Орналастыру кезінде алынған табыс инвестициялық кіріс деп аталады, ол  салымшылардың  жеке  шоттары  бойынша  қордаланған  қаражаттардың  сомасына  сәйкес  бөлінеді,  инвестициялық  кіріс  қорланудың  ұлғаюын  және  оның  инфляциядан  қорғалуын  қамтамасыз етеді. Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағыттары Зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты саласындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Алғашқы зейнетақы жүйелерінің 100 жыл бұрын пайда болғанына және рефор­ма­лаудың бір ғана кезеңінің өтпегеніне қарамастан, бүгінгі күні зейнетақымен қам­сыздандыру қайтадан күрделене түсті. Зейнетақы реформалары бүгінгі күні бар­лық елде жүргізілуде және ел үкіметтері зейнетақымен қамсыздандыру деңгейінің жоғары болуы үшін қолдан келгеннің бә­рін жасауда. Бұл сондай-ақ Қазақстан үш­ін де өзекті мәселе болып отыр. Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы іс-әрекеттер қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік қызмет болып табылады. Ол ұлттық табысты қайта бөлу тетігі арқылы өзінде реттеу құралдарын зейнетақымен қамтамасыз етуге бағыттайды және соған сәйкес экономикалық қатынастардың нысаны ретінде қатысады. Себебі, ол қоғамның жұмыс істемейтін мүшелеріне Қазақстанда зейнет ақы жүйесін жетілдіру оның тұрақтылығын кепілдендіру жағына қарай жетілдіріліп отыр. Қазіргі уақытта елімізде тиімді зейнетақы жүйесі құрылған. Ендігі мәселе салымшылардың табысын арттыру мен экономиканың өсуі үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының ресурстарын максимальды тиімді пайдалану болып отыр. Мемлекеттің әлеуметтік дамуы жүзеге асырылып отырған экономикалық даму модельдеріне тәуелсіз зейнеткерлерлің өмір сүру деңгейі бойынша бағаланады. Әртүрлі елдерде әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі зейнеткерлер алдында тікелей міндеттеме көтеретін мемлекет деңгейінде шешіледі. Қазақстанның зейнетақы жүйесі әлемдік тәжірибеге сүйене отырып тиімді үлгіні енгізу арқылы әдістемелік негізін қалыптастырды. Зейнетақы жүйесінің қызмет етуінің әдістемелік жүйесі төмендегі кестеде берілді. Қазақстанда кезекті жүзеге асырылып отырған әлеуметтік-экономикалық реформалар бірқатар жылдар ағымында бірқатар позитивті жылжуларды қалыптастырды. Қазіргі кезде республикада зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін тиімді зейнетақы жүйесі құрылған. Кез-келген елдің экономикасының дамуы тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру тиімділігімен байланысты, өйткені әлеуметтік тұрақтылық бұл жерде басты роль ойнайды. Зейнеткерлік жастағы тұрғындардың топтарын қолдау қажеттілігі ең бірінші кезекте ашық қоғам шеңберінде әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етумен шартталған. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі бірмезгілде екі қызметті орындайды. Біріншіден, ол дер кезінде зейнетақы төлеуге мүмкіндік береді, яғни азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету міндетін орындайды. Екіншіден, жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылары ел экономикасына инвестиция көзі ретінде пайдаланылады, яғни экономиканың инвестициялық потенциалы артады. Әлем елдеріндегі тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің үлгілері Дегенмен зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштерінің серпінді өсуі экономиканың даму деңгейімен байланысты зейнетақы жинақтарын тиімді басқарудың төмендеуімен қатар жүреді. Бұдан басқа жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытуың негізгі параметрлерін анықтау қажеттілігі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының бөлігі ретінде зейнетақы жүйесінің негізі модельдерінің қызмет ету тәжірибесін зерттеу қажеттігімен шартталған. Сонымен Қазақстанда жүргізілген реформалау процесінің нәтижесінде қазіргі кезеңде ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету екі жүйеден тұрады: ынтымақтастық жүйе (зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыз ету) және жинақтаушы (жинақтаушы зейнетақы қорларынан қамтамасыз етілуі). Зейнеткерлік жас ерлер үшін 63, әйелдер үшін 58 болып белгіленген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жүзеге асырылатын салымдар мен зейнетақы төлемдері арасындағы тіке өзара байланысты белгілеуге негізделген. ҚР заңдарына сәйкес міндетті зейнетақы салымдарының толық және дер кезінде жүзеге асырылуын бақылауды республиканың салық органдарымен жүзеге асырылады. ҚР-ның еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрлігі тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету сферасында мемлектеттік саясатты қалыптастыру қызметін атқарды. Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі әлемнің дамыған елдеріндегі зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейімен салыстырғанда бүтіндей қарттардың ауқатты өмір сүруін қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты әлі де жұмыстар жүргізілуде және шешімін таппаған мәселелер баршылық.

 

Қазіргі кезде Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесі әрекет етеді. Бірінші деңгей (базалық) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін қарастырады. Ол зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес еңбек стажы мен жалақысына тәуелсіз зейнеткерлік жасқа жеткен барлық азаматтарға төленеді. 1,6 миллионнан аса зейнеткерлердің зейнетақысы орта есеппен 30 пайызға арттырылды, нәтижесінде зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 24047 теңгені, орташа зейнетақы мөлшері 36205 теңгені құрады. Ал зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы мөлшері 52 226 теңгеге дейін арттырылды. Зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыс 32 еселенген 39 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтілді. зейнетақы төлемдерінің мөлшері 11 пайызға арттырылды. Бұл ретте базалық зейнетақы төлемінің мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 50 пайызын құрады. Екінші деңгей (міндетті) – ынтымақтастық зейнетақы жүйесінен төлемдер мен жинақтаушы қорлардағы салымдардан тұрады. Ынтымақтастық зейнетақыны тағайындағанда 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша еңбек стажы және 1995 жылдан бастап кез-келген үш жылдағы орташа айлық табыс ескеріледі. Ал жинақтаушы қорлардан төленетін төлемдер жинақ сомасына тәуелді және кесте бойынша төленеді. Үшінші деңгей – бұл ерікті және кәсіби ерікті зейнетақы салымдары есебінен төленетін зейнетақы. Бүгінгі күні 2 млн. 600 адам өзін-өзі қамтылған тұлғалар ретінде зейнетақы төлемдерінің төлеушілері болып табылады. Бұл кезде зейнетақы аударымының мөлшері табысқа тәуелді есептеледі, міндетті ставка 10 пайызды құрайды. Бұл жағдайда аударымның минимальды сомасы 1495 тенге, яғни «Республикалық бюджет туралы» Заңмен бекітілген минимальды жалақының 10 пайызы. Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру элементтерін, мемлекеттік бюджеттен ынтымақты әлеуметтік төлемдерді және аралас ынтымақты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізетін әлеуметтік қамсыздандырудың аралас моделі қалыптасты  Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің сипаттамасы.

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика