Сайрам ауданында биылғы жылы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын іске асыру жоспарына сәйкес 5370 азаматты бағдарламаның белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Бүгінгі күнге жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 9486 азамат қатысып, жоспар көрсеткіші 176,6 пайызға орындалды. Санаттары бойынша талдайтын болсақ, оның ішінде жұмыссыздар ретінде 5119 азамат, нәтижесіз жұмыспен қамтылған 1303 азамат және жұмыс іздеушілер ретінде тіркелген 3064 азамат жұмыспен қамтылды.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, оларды нәтижелі жұмыспен қамту басты назарда. Осы мақсатта ұйымдастырылған жүйелі жұмыстар нәтижесінде бағдарламаға жүгінген жастар санатындағы 4344 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда: 876 жас түлек жастар практикасына, 76 алғашқы жұмыс орнына, 91 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 790 азамат қоғамдық жұмыс орындарына, 5 азамат ұрпақтар келісімшарты жобасына, 1248 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылды, 13 азамат кәсіптік оқуға жолданды, 1084 азамат бастау бизнес жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына қатысты және 161 азаматқа мемлекеттік грант берілді.
Жоба аясында оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға 54 азаматқа және жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту үшін 23 азаматқа жергілікті бюджеттен 9882 мың теңге қаржы қаралған. Бүгінгі күнге, жоспарға сәйкес 77 азамат кәсіптік оқуға жолданды. Сонымен қатар, Enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытуға 150 азаматтың қатысуын қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын. 10 айдың қортындысымен 151 азамат оқуға қатысты.
Жалақының 35 пайызы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына 92169,0 мың теңге мемлекет қазынасынан нақтыланып, 266 азаматты уақытша жұмыспен қамту көзделген. Жыл басынан бері 276 азамат жолданып 75411,0 мың теңге қаржы игерілді.
Сондай-ақ, жастар санатындағы 500 түлекті жастар практикасымен қамтамасыз етуге 567135,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінде 876 азамат жастар практикасына жолданып, 405747,0 мың теңгеге олардың айлық жалақылары төленді.
Ауылдық округтер аумағын көріктендіру және көгалдандыру үшін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға аудан бюджетінен 91492,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 50320,0 мың теңге және ұлттық қордан 592433 мың теңге қаралып, 1050 азаматты қоғамдық жұмыстарға жіберуге жалпы 734245,0 мың теңге қаралған. Қазіргі таңға 1759 азамат қоғамдық жұмыстарға жолданып 488393,0 мың теңге қаржы игерілді.
Ал облыстық бюджеттен бөлінген 10496,0 мың теңге және ұлттық қордан 34028,0 мың теңгеге жұмыссыз санатындағы 30 азаматты алғашқы жұмыс орындарына жолдау міндеттелген. Осыған сәйкес, 76 азамат жұмыспен қамтылып, 34178,0 мың теңге игерілді.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 5 азаматтың тәжірибе жинақтап соңынан жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге жергілікті бюджеттен 2757 мың теңге қаржы көзделген. Бүгінде 5 азамат жұмысқа жолданып 2125,7 мың теңге игерілді.
Зейнет жасына екі жыл қалған жұмыссыздарға арналған «Күміс жас» жобасы аясында 60 азаматты жұмыспен қамтуға республикалық бюджеттен 68057,0 мың теңге қаржы қарастырылған. 10 айдың қортындысымен 74 азамат жұмысқа орналастырылып 28904,0 мың теңге қаржы игерілді.
Тұрақты және уақытша жұмыспен қамтудың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалу деңгейіне тоқталсақ, биылғы жылы 3000 азаматты тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарымен қамту міндеттелді. Жыл басынан бері 4061 азамат жұмыспен қамтылып, жоспар 135 пайызға орындалды.
2022 жылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 10 азаматты «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәспкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Қазіргі таңға 1907 азамат оқыту курстарына қатысуда. Ал, бастапқы бизнес идеяларын іске асыруы үшін 222 азаматқа қаржылай қолдау көрсету мақсатында республикалық бюджеттен 272208,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Бүгінгі таңда 224 азаматтың бастапқы бизнес идеяларын іске асыруына 274444,8 мың теңге қайтарымсыз грант қаражаты берілді.
Әлеуметтік қаржылай қолдау мәселесі бойынша ауданымызда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы 5935 отбасына немесе 31450 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 3289 отбасына немесе 17522 адамға атаулы әлеуметтік көмек қаражаты тағайындалды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА 100 ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫН АШУ жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, ауданымызда 1160 жаңа жұмыс орнын ашу міндеттелген. Бүгінгі күнге 1419 жұмыс орны ашылып, жоспар 122 пайызға орындалды.
Ұлттық жобалар аясында аудан аумағында 13 жобаны іске асыру барысында, 235 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. 10 айдың қортындысымен 13 жоба басталып 236 жаңа жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздар қатарында тұрған 236 азамат жұмыспен қамтылды немесе 100 пайызға орындалды.
Ауданымыздың осал топтағы тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары назардан тыс қалған емес. Есепті айда мүмкіндігі шектеулі 388 азамат белсенді шараларына тартылып, оның ішінде 11 азамат квота есебінен тұрақты жұмыспен қамтылды.
Сайрам ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.