• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

Автор:admin

Ноя 28, 2022
Spread the love

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Шымкент қаласында бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау саласында 1500-ге жуық адам еңбек етеді. Мемлекет қамқорлығын қажет ететін зейнеткерлер мен әлеуеті төмен, көпбалалы отбасы және мүгедек жандарға жанашырлық танытып, дер кезінде көмек көрсетуге дайын тұратын сала өкілдерінің еңбегі ерен.
Қазіргі таңда қаламызда жұмыссыздық деңгейін төмендету мен халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде әлеуметтік сала қызметкерлері тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ізгілік пен адамгершілікті ту еткен еселі еңбектеріңіздің жемісін көріп, мәртебелеріңіз арта берсін! Ізгі ниетпен, Балмаржан Полатқызы құттықтап өтті.
Айта кететін, 2011 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген еді. Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қоғамның әлсіз өкілдеріне қолдан келгенше көмектеріңізді, жүрек жылуын ұсынып отырған Сіздердей жандарға шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді.
Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды. Бүгінгі таңда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмектер көрсетілуде.
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі. Аталған саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз, ақжүректіліктеріңіз үшін сіздерге мың алғыс. Әрқашан аман-сау болып, өздеріңіз жүректерінде сенім отын жаққан жандардың да ғұмыры ұзақ, өмірі шуақты болсын.
Әлеуметтік жұмыс — тек білім мен білікті ғана емес, басқа адамның ауырсынуын түсіну және сезіну үшін өз жүрегін ашуға дайын болуды талап ететін ерекше мамандықтардың бірі. Адамдардың бұл өмірдегі міндеті – өзі секілді өзге де адамдарға жәрдемдесу. Осындай еңбек саласында жұмыс жасайтын адам үшін ең жақсы тілек –көмекке лайық адамдардың алғыс білдіруі.
Естеріңізге сала кеетйік, Еңбек күні мерекесін қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өту 2013 жылдың 22 қарашасында Елбасы Жарлығымен бекітілді. Мереке мақсаты — Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеясының аясында өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау мен еңбек әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика