• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Қоғамға қажет кәсіп, халықты жаппай жұмыспен қамту шаралары!

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

Бүгінде арамызда конкурсқа қатысып, мемлекеттік грант қаражатына қол жеткізген өскемендіктер қатары аз емес. Солардың бірі өз жобасының жаңашыл әрі қоғам қажеттілігі үшін маңызы бар екенін дәлелдеген Серік Серғазин. Көпбалалы әке болып келетін ол «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, өз жобасын сәтті қорғап шыққан.

Отбасымыз көпбалалы, бес балам бар. Төртеуі қыз, ең кенжесі ұл. Қазіргі уақытта екі үлкен қызымның бірі дефектолог мамандығын алып жатса, екіншісі педагогикалық колледжде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығын гранттық негізде оқып жатыр. Тағы бір мақтана кетерлік жайым — үшінші қызым спорттық акробатика бойынша еліміздің спорт шебері. Төртінші кызым балабақшада, ал ұлыма алты ай толды, – дейді Серік Серғазин.

Отбасының жағдайын жақсарту мақсатында осындай жолды таңдаған ол, өткен жылдың жаз маусымында Жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» жобасына қатысқан. Бір ай мөлшерінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік негіздеріне баулитын курсын оқып, сертификат алған. Келесі кезекте, бизнес жобасын құрып, мемлекеттік грант беретін комиссия алдында оны сәтті қорғап шыққан.

Жобамның қажеттілігін арнайы комиссия қолдап, оң шешім қабылдады. Менің жобам жылу құбырларын қысымға тексерумен, жүйені қалпына келтіріп, жұмысқа қосумен байланысты болды. Бүгінгі күні кез-келген үй тек қысымға тексеруден өткен соң ғана жылуға қосылатыны белгілі. Бұл жерде менің айтып отырғаным тек көпқабатты үйлер ғана емес, сонымен қатар «ақылды пештер» орнатылған жеке тұрғынүйлерде де осындай қажеттілік бар. Сол себепті, менің қызметіме деген қажеттілік жеткілікті, – дейді ол.

«Еңбек» бағдарламасының тұрғындарға беретін тағы бір мүмкіндігі – жаңашыл бизнес-идеяларға гранттар беру болып табылады. Жұмыспен қамту орталығы өкілінің айтуынша, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі аталмыш мемлекеттік гранттар бизнес бастағысы келетін азаматтарға қайтарымсыз тұрғыда беріледі екен.

Мұндай гранттарды жұмыссыздар және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша курстарды тәмамдаған немесе бағдарламаның екінші бағыты бойынша бейінді мамандығына сәйкес қысқа мерзімді курстардан өткендер ала алады. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алатын азқамтылған және көпбалалы отбасылардың, жұмыс күші басым өңірлерден келгендер мен қандастар санатындағы азаматтарға аталған курстардан өту талап етілмейді. Ал кәсіпкер ретінде грант алуды мақсат еткен азаматтар үшін олардың жеке кәсіпкер ретіндегі мемлекеттік тіркеуі бір жылдан кем болуы қажет

Бөлінген 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаражатқа электрлі және қарапайым қысымға тексеретін аппараттар мен газ кілттерінің жиынтығын сатып алған ол бүгінде өз ісін алға бастырды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика