• Сб. Дек 20th, 2025
Популярные метки

ҚАРАША АЙЫ – ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ

Автор:admin

Ноя 25, 2025

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, «Мұхаметқұл Исламқұлов» атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құқықтық тәрбие және жауапкершілік тақырыбында іс-шара өтті. Мектеп директоры Ж.Ақылбекованың басшылығымен ұйымдастырылған «Қауіпсіз балалық шақ» атты кездесуге 9–10 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, педагог-психолог, педагог ұйымдастырушы және аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік және психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қаралды. Күн тәртібінде:

  • Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу;

  • Бала құқығын қорғау;

  • Буллинг және кибербуллингтің алдын алу жолдары;

  • Қауіпсіз интернет қолдану және цифрлық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралды.

Аудандық полиция бөлімі ЮПТ аға лейтенанты Нақыпов Нұрғали оқушыларға түнгі мезгілде көшеде, ойынханаларда ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүруге тыйым салынатынын ескертті. Сондай-ақ, оқушыларға тойханаларда, кафелер мен банкет залдарында офицант немесе мобильді қызметтер атқаруға, авто жуу бекеттерінде және сабақ уақытында түрлі жұмыстарға баруға, сонымен қатар авто көліктер мен мопедтерді тізгіндеуге тыйым салынатыны нақты түсіндірілді. Буллинг және кибербуллинг әрекеттер жасаған жағдайда заң талаптары бойынша жауапкершілік қарастырылатыны айтылды. Түнгі уақытта ересек балалармен жүруге тыйым салынатыны және жасөспірімдердің құқықтық қауіпсіздігі ерекше бақылауда болатыны хабарланды.

ДТЖЖ орынбасары Нұрғали Есжанов қазіргі таңда облыс көлемінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдаланбауы, қадағалаусыз жүруі және ойынханалардағы адам миын улайтын кері әсерлі құмар ойындарға әуестенуі қылмыстық әрекеттер мен құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Іс-шара барысында оқушыларға мектепте ашылған «Болашақ прокурор клубына» белсенді қатысуға шақырылды. Клуб ережелері түсіндіріліп, жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру, құқық қорғау органдарының қызметін таныстыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді. Клубта өткізілетін тренингтер, дәрістер мен ойындар арқылы оқушылар құқықтық сауаттылыққа, жауапкершілікке үйренеді, әртүрлі құқықтық жағдайларда өз әрекеттерін дұрыс бағалауды меңгереді.

Сонымен қатар, іс-шарада жасөспірімдерге құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, өз құқығын білу және қорғау, жауапты азамат болу маңыздылығы түсіндірілді. Мектеп психологы Үсен Шарипбаев құқықтық және әлеуметтік қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, оқушыларға конфликтілік жағдайларды бейбіт жолмен шешу, буллинг әрекеттерін алдын алу жолдарын үйретті. Педагог ұйымдастырушы Нұрлан Балғабеков жасөспірімдердің қатысуымен топтық тренингтер ұйымдастырып, сабақтастар арасындағы сенімділік пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізді.

Іс-шараға қатысушылардың пікірі бойынша, мұндай кездесулер оқушыларға құқықтық тәрбие беріп қана қоймай, олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырады, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, оқушылар өз құқықтарын, жауапкершіліктерін білуге, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жеке және қоғамдық мүддені қорғауға үйренеді.

Қараша айы – Әділеттік және жауапкершілік айы аясында өткізілген бұл іс-шара жас ұрпаққа құқықтық тәрбие берудің, мектеп пен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының үлгісі болып табылады. Мектептегі тәрбие мен құқықтық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп, оқушылардың азаматтық және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бұл тәжірибе болашақта жасөспірімдердің заңға бағынатын, қоғамға пайдалы, адал азамат болып қалыптасуына негіз болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *