«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қарабастау шағын ауданы тұрғындарымен бірге табиғи газды іске қосуға қатысты. Жобаны жүзеге асыру 1408 үйді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл жергілікті тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға тікелей әсер етеді.
Осы уақытқа дейін 9 мыңға жуық адам тұратын шағынаудан орталықтандырылған газбен толық қамтылмаған. Жауаптылар мен мердігер ұйымдардың бірлескен әрекеттерінің арқасында ауқымды жоба сәтті аяқталды.
«Газдандыру — бұл жүйеге қосылу ғана емес, шағын ауданның өмір сүру сапасын жақсартуға және орнықты дамуында маңызды қадам», — дей келе қала басшысы игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
Газға қосылу тұрмыстық жағдайды едәуір жақсартады және қатты отынды пайдалануды азайтады, бұл экологиялық жағдайға да оң әсер етеді.
Айта кететін, халық саны жылдан жылға артып келеді, бұл тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымға сұранысты күшейтуде. Ауданда мектеп, балабақша және медициналық мекемелер жұмыс істейді, алайда олардың саны әлі де жеткіліксіз.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылуда. Газдандыру, ауыз су және электр энергиясымен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жолдардың сапасы мен қоғамдық көлік қатынасы да біртіндеп жақсаруда.
Ауылшаруашылық бағыттағы жерлердің болуы ауданның өзіндік экономикалық әлеуетін арттырады. Кәсіпкерлік те дамып келеді — шағын және орта бизнес нысандары ашылып, жұмыс орындары құрылуда.
Дегенмен, шешімін күтетін мәселелер де бар: жол сапасы, кәріз жүйесі, қоғамдық қызмет сапасы сынды проблемалар толық шешімін таппаған. Дегенмен, қалалық әкімдіктің қолдауы арқасында Қарабастау келешекте толыққанды, заманауи шағын ауданға айналу әлеуетіне ие.
