Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркия Республикасының «Sensemi» компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Кездесу барысында Түркістан қаласында заманауи газ өлшеуіш, электр өлшеуіш және су өлшеуіш құрылғыларын өндіру жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара пікір алмасып, жобаның негізгі бағыттарына тоқталды.
Әзімбек Пазылбекұлы шетелдік инвесторларға Түркістан қаласының инвестициялық мүмкіндіктері мен туристік әлеуетін таныстырып, барлық қолайлы жағдай жасалғанын және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Инвесторлардың мәліметінше, жобаның құны бірінші кезеңде 5 млн АҚШ долларын, екінші кезеңде 10 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда шамамен 450 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Өндіріс орны Түркістан қаласының арнайы экономикалық аймағында орналаспақ.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, жобаны сәтті жүзеге асыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екендерін білдірді.