Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады.Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды.та-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған.Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Өкінішке орай, жомарт азаматтардың саны азайып келеді, адамдар кез-келген жағдайда, бірінші кезекте өз пайдасын ойлап тұрады. Сіздерге айтарым, ашкөздік пен сараңдықтан аулақ болайық, игі істер жасамасақ, адамдық кейпімізді жоғалтып аламыз. Мен, жомарттық қасиеті бар тұлғаларды ұнатамын. Олар адамдармен тек материалдық құндылықтарымен ғана емес, сонымен бірге жан дүниесінің байлығымен де бөліседі. Жомарт адам жақсы істерді көпшіліктің алғысын алу үшін жасамайды, ол мұқтаждарды кішкене болса да бақытты еткісі келеді. Қолында тұрған зат өзіне қажет болғанымен, оны артық сөз айтпай басқаға бере салады. Біз осындай керемет жандардан үлгі алуға тиіспіз. Қазіргі заманның жастары, «мейірімділік» деген сөзді сирек естиді және мағынасын толық түсінбейді. Менің ойымша, мейірімділік дегеніміз – қиын жағдайға тап болған адамға шын жүректен қолдау көрсетіп, басқа адамның бақыты үшін өз уақытыңды, ақшанды немесе денсаулығыңды құрбан ету. Жасөспірімдердің арасында қатыгез, өзімшіл және мақтаншақ балалар көбейіп келеді. Біреу құлап қалса, оны көтерудің орнына, ұялы телефонның камерасына түсіре бастайды. Сондықтан, ата-аналары балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі керек. Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Көмек» Қоғамдық Қорының еріктілері жақсылық жасаудан еш аянбаған. Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Сондықтан да «Көмек» Қоғамдық Қорының еріктілері балалар үйімен барынша байланыс жасауды ұйғарған. Әр жұма сайын университеттің жүректері мейірімге толы студенттері балалар үйіне барып, түрлі тақырыпта әңгімелер, қосымша сабақтар, концерттер өткізеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университет ұжымы студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың тұлға ретінде қалыптасуына зор мән береді. Ал осындай көшбасы студенттердің қалай білім алатынын, қоғамдық жұмысқа қалай араласатынын көзбен көрген балалар үйінің жеткіншектері келешекте ел қамын күйттейтін, қайырымды болуға барынша тырысатын ұлағатты ұрпақ болып ер жетері даусыз. Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Қазіргі таңда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру-өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі заманда тұрмысы төмен,күнкөрістері нашар отбасылар баршылық.Біздің осы қаламыздың өзінде қазіргі қымбатшылықтың,жұмыссыздықтың салдарынан да мұндай жағдайлар қоғамда орын алып отыр.Кейбір жанұяларда көп балалы немесе әкесіз,анасыз жетім балалар киім жоқтықтан,тұрмысы төмен ақша жетіспеушілігінен мектепке барып,білім ала алмай,жыртық киіммен жүрген балалар да бар.Бұл бір жағынан баланың болашағына зиянын тигізеді.Осының салдарынан кейбір жасөспірім балалар өзінің тұрмыс-тіршілігінен,киімнің жоқтығынан басқалардан өзін төмен санап,арланып өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Ересек адамдар мұндай тұрмысқа шыдай алмай ішімдікке салынып,ұрлық,қылмыс жасауға дейін барады.Қаншама балалар,үлкен адамдар ауырса да емделе алмай ауруы асқынып,шарасыздықтан көз жұмады.Осыдан келіп жетім балалар мен жесір аналардың санының көбеюіне әкеледі.Қазіргі нарық заманында Қазақстан бойынша көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді.Қазіргі таңда мекемелерде,мектептерде «Қайырымдылық акциясы» ұйымдастырылып жүр.Бұл жақсы іс-шара.Менің ойымша,әл-ауқаты жақсы,барлық жағдайлары жеткілікті отбасылар кимейтін (аяқ-киім болсын,сырт киім) артық киімдерін далаға қоқысқа тастамай көмекке мұқтаж жандарға берсе?!Осы киімдерді ақшалай емес,тегін таратып беретін бір қайырымдылық ұйымы ашылса,жақсы болар еді.Сонда,көмекке зәру жандарға да кішкене болса да көмек болған болар еді. Мен емес жалғыз көпшілік жұрт бұған куә,бәрінде де көз бар,құлақ бар,көріп те,естіп те жүр.Бұл көрініске кейбірі би-жай қарап,көз жұмып кететіндер де бар,іштей аяп өтетіндер де бар.Қайырымдылық жасап жүрген жомарт жандар да бар.Менің айтпағым:барлығымыз осы айтылған ұранмен жұмылып күш салсақ,құнды қасиет-адамгершілік қасиетіміз оянса, бір-бірімізге деген адами көзқарасымыз болып,«Қазағым»-деп, жүрек дүрсілдеп жиі соқса екен деймін! Қайырымдылық – адам жанының нұры.Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады.Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды.та-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған.Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық – адам жанының нұры.Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады.Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды.та-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған.Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген. Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пе4н қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етеді. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау-биік адамгершіліктің белгісі. Осы қасиеттер арқылы балалардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтап, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық, мейрімділік қабілеттерін жетілдіреміз.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едік? деп балалардан сұрасақ. Олар мейірімді жандардың қатарында ең бірінші өздерінің аналары екенін айтады. «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады», – демекші балалар жүректен шыққан сөздерін, бір-біріне деген жақсы тілектері арқылы жеткізеді, мысалы «сен мейрімдісің,сен ғажайыпсың, сен ақкөңілсің, сен ақылдысың, сенің жүрегің жақсылыққа толы т.б». Осындай жылы лебіздер арқылы балалардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Мейірман және қайырымды болудың амалдары. Аздан бастаңыз. Адамдар әртүрлі. Біреулер жастайынан басқаның қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын болып өседі, ал кейбіреулер керісінше әрекет етеді. Адамның мұндай болмысына генетикалық бейімділігі, тәрбие ерекшеліктері, кімдермен жақсы араласатыны және т.б. көптеген фактор әсер етуі мүмкін. Бұйрық бойынша мейірімді және қайырымды болу мүмкін емес. Алайда мейірімсіз және енжар өзімшілдердің өзі жақсы жаққа өзгеріп, жақсылық жасауға құмар болатын кездері болады. «Өмірде ерлік жасауға әрдайым жағдай табылады» деген ұран танымал болған. Бұл тұжырымды сәл өзгертіп: «Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады» деуге әбден болады. Айналаңызға қараңызшы. Кез келген жерден көмегіңізге мұқтаж адамды кездестіре аласыз. Бұл кез келген адам болуы мүмкін, мысалы, қарт көршіңіз, кішкентайын өсіріп жатқан жалғызбасты ана, қиын жағдайға тап болған танысыңыз. Оларға уақытыңыз бен назарыңызды бөліңіз, көмегіңіз қажет емес пе екен, сұраңыз. Мысалы, қарт адамдарға сыртқа шығу қиын болса азық-түлігін тасып беруге болады немесе дәрісін әкеліп беріңіз. Бұл көмегіңіз болмашы болса да, ең бастысы, шынайы және шын жүректен шыққан ұсыныс болсын. Мейірімді іс жасағаныңызға өзіңіз де бір сәт риза болып қаласыз. Және, бұдан кейін де мейірімді істер легін жалғастыруға ықыласыңыз ашыла түседі. Көмегіңіз қандай түрде білдірілетіні аса маңызды емес. Бұл:
— қолдан келген материалды көмек;
— физикалық көмек (үй жинасу, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу, кішкентай баланы қарай тұру және т.б.);
— кеңес айту;
— рухани қолдау;
— тегін заңгерлік кеңес және т.б. болуы мүмкін. Қалай болғанда да, сіз басқа адамға көмектесіп қана қоймай, өзіңіз де қайырымды, мейірман бола түсесіз. Қандайда бір қайырымдылық ұйымына хабарласып, көмекке зәру адамдар жайлы мәліметтер ала аласыз. Олар сізге қажетті байланыс ақпараттарын және нақты қандай көмек керек екенін айтады. Сонымен қатар жетімдер үйінің балаларына да, мысалы, сыйлықтар немесе қажетті киімдер сатып алып беріп көмектесе аласыз. Не үшін қайырымды және мейірімді болу керек? Қайырымдылық пен мейірімділік адамға тек жақсы жағынан әсер етеді. Қоғам кілең енжар, тек өзін ойлайтын адамдардан құралса, қандай болар еді? Біреудің көмегіне сену түгілі, қай жерде қастық жасап кетер екен деп күтіп жүру қандай әсерге бөлейді? Мұндай адамдардың ортасында өмір сүргіңіз келер ме еді? Табиғаттың «ең мықты тірі қалады» деген заңы бар. Онда (тек кейбір ерекшеліктерді ескермегенде) мейірімділікке орын жоқ. Бірақ адам түйсікпен ғана өмір сүрмейтіндіктен саналылар қатарына жатады ғой. Бір дана адам: «Өркениетті қоғамға оның балаларға және қарттарға, яғни қорғансыз адамдарға қарым-қатынасына қарап баға беруге болады» деп бекер айтпаған. Әлсіз адамдарға, өмірлік қиын жағдайға түсіп қалғандарға көмектесе отырып, адам өзінің адамгершілік қасиеттерін көрсетеді. Ал біреулердің қайғысына ортақтасу арқылы өз өміріне басқаша қарай бастайды, құндылықтарын зерделейді. Бұрынырақта сүбелі көрінген, жанға маза бермеген мәселелер басқалардың қайғысының жанында түкке тұрғысыз болып көрінуі мүмкін. Сондықтан мейірімді де қайырымды адамдар өз өмірін біреуге қастық ойластырып, пайда табуды көздеп, бекер өткізбеуге тырысады. Әлбетте, мейірімді болу – өміріңді толықтай біреулерге көмектесуге арнап, өз қызығушылықтарың мен отбасыңды және т.б. ұмыту деген сөз емес. Мұндай пірәдар адамдар аз және арты жақсылыққа әкелуі екіталай. Сонымен бірге әр нәрсенің шектен шықпағаны дұрыс. Өкінішке орай, мейірімді және қайырымды адамдарды барлық жағдайға жедел жәрдем ретінде пайдаланғысы келетіндер бар. Мұндай әрекеттерді сыпайы, бірақ қатаң түрде тыйып отырған жөн. Ерік берсеңіз, мойныңызға отырып алатындар әрдайым табылады.
R-ақпарат