• Вт. Сен 9th, 2025
Популярные метки

ҚАЗЫҒҰРТ: МЕКТЕБІМ САҒАН МЫҢ АЛҒЫС

Автор:admin

Май 23, 2025

Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Жаңабазар ауылы округіне қарасты Жаңаталап елді мекенінде орналасқан “Әбдікерім Бектаев” атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткен “Мектебім саған мың алғыс” атты соңғы қоңырау салтанатты шарасына арнайы қатысып, ұлағатты ұстаздарға алғысын білдіріп, мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі.
“Бүгін сіздер өмірлеріңіздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрсыздар. Қай саланы таңдасаңыздар да, адал болыңыздар, елімізге, туған жерімізге ерінбей еңбек етіңіздер. Білім – болашақтың кілті. Сондықтан алған білімдеріңізді биік мақсаттарға жету үшін пайдалана біліңіздер. Ұстаздарыңызды ұмытпай, үміттерін ақтаңыздар, болашақтарыңыз жарқын болсын ” – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар Азизхан Исмаилов мектеп жанынан ашылған шахмат және робототехника т.б. ғылыми бағытта ашылған үйірмелер жұмысымен танысып, оқушылардың осы бағыттағы жетістіктеріне оң бағасын берді. “Мұндай үйірмелер оқушылардың ойлау қабілетін, техникалық сауаттылығын дамытып, болашақ мамандық таңдауға жол ашады. Сондықтан алдағы уақытта осындай бағыттағы үйірмелердің қатарын көбейту қажет,” – деп мектеп басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.
Әбдікерім Бектаев атындағы мектеп — сапалы білім мен тәрбие беріп келе жатқан үлгілі оқу ордасы. Мектеп ұжымы жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, заманауи талаптарға сай жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу жолында жемісті еңбек етуде.
Айта кетейік, 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазығұрт ауданында 1892 оқушы 11-сыныпты аяқтап отыр. Оның ішінде 106 оқушы “Алтын белгіге”, 134 оқушы “Үздік аттестатқа” үміткер атанды. Бұл – біздің ұлағатты ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Бүгін аудан мектептерінде соңғы қоңырау салтанатты түрде соғылып, мектеп бітіруші түлектерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ 1-11 сынып оқушылары үшін “Білімім — Отаныма” атты бірыңғай сынып сағаты өткізілуде. Бұл оқушылардың жыл бойғы алған білімін қорытындылайды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *