• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақ жастары — елдің болашағы.

Автор:admin

Июн 3, 2022
Spread the love

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы — жастар тәрбиесіне кө­ңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыс­тың аманатын арқалаған жас өскін­ді тәрбиелеудің жолдары мен амал­дары да сан тарау. Солардың ішін­де шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі — жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу ма­ңызды іс саналады. Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген са­налы көзқарастың болмауы сал­да­рынан әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бас­тап, мектепте, ЖОО-да және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі ай­қын байқалуда. Тәрбиенің бұл түрі жас ұрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқа­ру­ға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Қазіргі таңда Қазақстан Респуб­ли­касының әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық даму барысында саяси-идео­ло­гиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруы­на сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стра­тегиялық бағдарламасының басым бағыт­та­ры­ның бірі болып саналады. Елі­міз­дің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерек­­ше­лігіне орай оқушыларға ха­лық­тық дәстүрге негізделген баба­лар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблема­ла­ры­ның бірінен саналады. Біздің назарымыздан осы мәселе де тыс қалған жоқ. Елімізде жастар тәрбиесіне қатысты қандай шаралар қолға алынып, қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы да айтып өтейік. Іс-шаралардың басым бөлігі оқу орындарының іргесінде өтіп жатқаны белгілі. Сондай шаралардың бірі ретінде Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Әлемдік және қазақстандық білім-ғылым кеңістігіндегі этнопедагогика мен этнопсихология» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын. «Жаhандану заманында лайықты тәрбиесіз ұлтты, ұрпақты сақтап қалу қиын. Қазақ халқы ежелден-ақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Тәрбие құралдарын таба білген. Батырлық та, даналық та осы тәрбиеден бастау алады. Өйткені, тәрбиенің өзі нағыз ұлттық құндылық! Қазақтың тарихы мен мәдениетінде, салт-дәстүрлерінде, ауыз әдебиетінде әлі де болса беті ашылмай жатқан тәрбие құралдары көп. Соларды ашып, зерделеп, қазіргі этнопедагогика, этнопсихология ғылымдарымен ұштастырып, бүгінгі ұрпақтың игілігіне жаратуымыз қажет. Мысалы, қазақтың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдері — тұнып тұрған тәрбие құралдары. Халқымыз «Көп сөз көмір, аз сөз алтын» деп бекерге айтпаған. Азда болса, мәнді, мағыналы сөзбен ұрпағын тәрбиелеп, психологиялық ерекшелігін сақтап, бірлігін қорғап, нығайтып, дамытып отырған. Сондықтан, ең дамыған 30 елдің қатарына ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып енсек, болашағымыз баянды бола түседі», — деді шараға қатысқан педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сайра Жиенбаева. Біз ұлттық құндылықтарымызды жеткілікті бағаламайынша толыққанды тәуелсіз ел бола алмаймыз. Ал ұлттық құндылықтар — нағыз тәрбие көздері. Оларды дамытып, көркейтуде және тәрбиеге арқау етуде этнопедагогика, этнопсихология ғылымдарының алар орны ерекше. Сондықтан осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір, тәжірибе алмасып, жаңа бағыттарды айқындауымыз қажет. Соңғы кездері патриотизмді және азамат тәрбиелеу идеясының қоғамдық маңызы артып, мемлекеттік маңыздағы тапсырмаға айналуда. Сол себепті, мұндай игі бастаманың Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуінде үлкен мән жатыр. Бүгінгі жастар Қазақстанның жарқын болашағы

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика