• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақтардың саны көші-қон саясатының арқасында да өсті.

Автор:admin

Окт 3, 2022
Spread the love

2009 жылы қазақтардың үлес салмағы 63,1 процент (1999 жылы 53,4 процент болған), орыстар — 23,7 процент (30,0 процент), өзбектер — 2,8 процент (2,5 процент), украиндықтар — 2,1 процент (3,6 процент), ұйғырлар — 1,4 процент (1,4 процент), татарлар — 1,3 процент (1,7 процент), немістер — 1,1 процент (2,4 процент) болды.

2000 жылдары қазақтардың саны күрт өсе бастады. 1999 жылмен салыстырғанда халық саны  ¼ бөлігін алды. Ал 1989 жылмен салыстырғанда 1,5 процентке көбейді.

ССРО құлағанды Қазақстанда 6,5 миллион қазақ тұрды. 1990 жылдың соңында – 8 миллион, ал 2009 жылы 10,1 миллион болды. 2010 жылы қазақтардың саны — 10,3 миллион болды.

Халықтың мұндай өсімі туу көрсеткішінің жоғарылуы есебінен артты. Қазақстандағы статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылы қазақтар арасындағы туу көрсеткіші 28 болды, өлім көрсеткіші – 7, табиғи көрсеткіш 1000 адамға санағанда 21 адам болды.

Енді қазір тәуелсіз Қазақстанда қазақтардың санын өсіру мақсатында көптеген істер атқарылуда. Жоғарыда атап өткен ашаршылық кезінде азық іздеп Қазақстаннан үдере көшкен қандастарымыздың ұрпағын Қазақстанға алып келу үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Этникалық қазақтардың азаматтық алу, тұрақты тіркеуге тұру, ықтияр хат алу, баспаналы болу, жұмысқа орналасу, мектеп, балабақшаға балаларын орналастыру, жоғары оқу орнына түсу секілді мәселелердің барлығын жеңілдетіп, барынша қысқа уақыттың ішінде жаңа ортаға сіңісіп кетуіне, құжат рәсімдеу жағынан қиындық көрмеу үшін барлығы жеңілдетіліп жатыр. Қазақтардың саны көші-қон саясатының арқасында да өсті. Тарихи отанына көшіп келген этникалық қазақтардың көбі Орталық Азия елдерінен, атап өтер болсақ – Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Моңғолия және Ресейден көшіп келді. Қазақтардың санымен қоса өзбектердің де саны өсті. 1989 жылы олардың саны 331 мың адам, 1999 жылы 371 мың, 2009 жылы 457 мыңға, ал 2010 жылы 470 мың адамға жетті. Ал орыс, неміс пен кәрістердің саны қысқарды. 1999 бен 2009 жылдар аралығында орыстардың саны 700 мың адамға қысқарды. Ал 1989 жылмен салыстырғанда 2,3 миллионға азайды.

Қазақстанда жүргізілген соңғы санақтың қорытындысына сәйкес, Қазақстандағы халық саны 18 миллионнан асты. Жақын жылдары Қазақстандағы халық санын жиырма миллионға жеткізу мақсаты бар. Бұл мақсатқа жету жолында көптен жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақстанда туу көрсеткіші өсті, көп балалы отбасыларға берілетін жөргек пұл өсті, өлім көрсеткіші төмендеді, Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығы ұзарды. Экономикалық жағдай да тұрақталып келеді. Осының барлығы Қазақстандағы демографиялық ахуалға әсер етпей қоймайды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика