• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстанға гендерлік саясат керек пе?

Автор:admin

Окт 2, 2022
Spread the love

XXI ғасыр — әйел мен ер адам дәрежесінің теңесіп, нәзікжандылардың заман ағымына сай дамуына, өсуіне мүмкіндік берді. Қоғамда, отбасында әйелдердің аналық құқығын қорғай отырып, оларға зорлық-зомбылық көрсетпеу – гендерлік саясаттың басты міндеті. Сондықтан, заман ағымына сай, дамушы ел ретінде бізге гендерлік саясат қажет. Себебі, ана мен бала құқығын қорғау қашан да басты назарда.
Бүгінде Қазақстанда гендерлік саясаттың даму қарқыны жақсы. Гендерлік саясат жеке тұлғаның іс-қиымылын анықтайтын әлеуметтік жыныс болғандықтан, конституцияға сәйкес әйел мен ерлер арасында тең құқықты және бостандықты орнатады. Қазіргі таңда тек үй шаруасымен шектеліп отырған нәзікжандыларды сирек кездестіреміз. Қызмет пен отбасын қатар алып, үйінде аяулы ана, сүйікті жар болса, ал қызмет бабында іскер әйел болып жүргендер өте көп. Гендерлік саясаттың одан әрі қарқынды дамуы үшін әйел адам саяси және қоғамдық өмірге араласу қажет.
Жалпы, қазақ халқы ер адам әйелден бір саты жоғары тұру керектігін айтады. Дегенмен, бұл отбасы жағдайында орнығатын мәселе деп қарастырғанымыз дұрыс. Сондықтан, үйде бала тәрбиелеп, жолдасының көңілін тауып, ал қызметте мансаптық өсуді көздейтін іскер әйелдер үшін жұмыс орындарында жағдай жасалған. Білімі мен біліктілігі ұштасқан арулардың дамуына еш кедергі жоқ.
Гендерлік теңдік деңгейі жоғарылаған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болады. Жалпы, гендерлік саясат әуел баста батыстағы феминистік қозғалыстан бастау алғаны белгілі. Ал, дәстүрлі қазақ қоғамында ер адам мен әйелдер арасындағы теңдік, өзара сыйластық ежелден қалыптасқан, ешқандай кемсітушілік болған емес. Дегенмен, қазір біздегі гендерлік саясат біржақты сипат алғаны байқалады, яғни, гендерді тек әйелдердің құқығын қорғау деп түсіну басым.  Қазақстанда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу мақсатында Қа­зақстан Республикасы Пре­зидентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеуде. Мемлекеттік гендерлік саясат жарлығымен бекітілген. Стратегия негізінде жүзеге асырылуда. Бұл тұрғыда мыңжылдық даму мақсаттары мен әйелдерге қатысты барлық түрдегі кемсітушіліктерді жою жөніндегі конвенция ережелеріне сүйенген, Қазақстанға арналған гендерлік индикаторлар анықталған.
R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика