• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақстанның этникалық құрамы, демографиялық үлесі!

Автор:admin

Окт 3, 2022
Spread the love

Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамында қазақтар мен орыстардың үлес салмағы басым Қазақтардың үлес салмағы жыл өткен сайын өсіп келе жатса, орыстардың саны  70 – жылдардың соңынан бері қарай кемуде. Қазақтар 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1488181 адамға көбейіп, қазір 7 миллион 985 мың 39 адамға жетіп отыр, яғни тұрғындардың 53,4 –ың құрайды. Бұл көрсеткіш 1998 жылы 40,1 пайыз болатын. Сонымен 1930 жылдардан соң, қазақтар өз Отанында алғаш рет сан жағынан көп ұлтқа айналды. Қазақтар санының көбеюі мен үлес салмағының артуы олардың табиғиөсімінің нәтижесі және елден қазақ мемес ұлттардың көшуіне байланысты. Сондай-ақ оған қазақтардың алыс (Қытай, Монғолия, Иран) және талу (Ресей, Өзбекстан, Түркменистан) шетелдерден елге оралуы да жер етуде. Орыстар 1969 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1582399 адамға кеміді. Олардың қазіргі саны 4479620 адамды құрайды. Осылайша орыстардың елдегі үлес салмағы 37,4 процентен 30 пайызға түсті. Елдегі кейбір басқа этностардың да саны кемуде. Немістер-593414 адамға, Украиндар – 328637 адамға,татарлар – 71793 адамға, белорустар – 66011 адамға, Әзірбайжандар – 10656 адамға, кәрістер – 1074 адамға азайды. Ал, Қазақстандағы өзбек пен ұйғыр халқының саны мен үлес салмағы артуда. Өзбектер 39621 адамға, яғни 2,5 пайызға көбейіп, 370663 адамды; ұйғырлар 28839 адамға, яғни 1,4 пайызға көбейіп, 210365 адамды құрады. Республикадағы ұлттарда жаныстық арасалмақ әркелкі. Ерлердің үлесі 1000 әйелге шаққанда қазақтарда 978, ұйғырларда 999, орыстарда 843, татарларда 842, украиндарда 872 адамнан келеді. Әзірбайжандар мен өзбектер арасында ер азаматтардың саны басым 1000 әйелге әзірбайжанның 1014 ер азаматы, өзбектің 1015 ер азаматы келеді. Ауылды жерлердегі қазақтар арасында ерлердің саны басымырақ. Орта есеппен онда 1000 әйелге 1020 ер келеді. Бұл Маңғыстаудан басқа облыстардың бәріне тән. 1000 әйелге Қызылорда облысында 1058, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысында – 1040, Шығыс Қазақстан облысында – 1029, Ақмола облысында – 1026, Жамбыл облысында – 1023, Ақтөбе облысында 1021 ер азаматтан келеді . Барлық облыстар бойынша қалалардағы әйелдер саны басым болып, жыныстық арасалмақтағы үйлесімсіздік тереңдей түсуде. Мәселен, 1989 жылы қалаларда ер адамдар тұрғындардың 47,5 пайызын құраса, 1999 жылы 46,7 деңгейіне түсті. 1989 жылы 1000 әйелге 907 ер адам келсе, 1999 жылы 879 ер адамнан келді. Республика тұрғындарының жастық құрылымында туудың төмендеуіне байланысты ересек адамдардың санының артып, қартаюы белең алуда. 1990 жылы 9 жасқа дейінгі балалар тұрғындардың 22 процентін құраса, 1999 жылы17,8 процент құрады. Жалпы 19 жасқа дейінгі жастардың үлес салмағы 41 проценттан 37,8 пайызға түсіп кетті. Керісінше 60 жастан асқандар 1990 жылы 9 процент болса, 1999 10,8 –пайызға көтеріледі.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика