2025 жылғы 8 қыркүйектегі соңғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының бағытын айқын көрсетті — бұл терең цифрлық трансформацияға бет бұру. Цифрлық жаңғырту енді тек құрал ғана емес – ол экономикалық өсудің, тиімді басқарудың және халықаралық аренада бәсекеге қабілеттіліктің негізіне айналуда.
Президент өз Жолдауында айтылған міндеттер елдің цифрлық жаңғыруымен тығыз байланысты екенін атап өтті, демек, бұл барлық деңгейде жүйелі тәсілді талап етеді. Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және өмірдің барлық салаларын цифрландыру жаңа стратегиялық бағыттың негізгі элементтері болуы тиіс. Бұл тек процестерді автоматтандыру емес, азаматтардың игілігі үшін жұмыс істейтін шын мәнінде цифрлық мемлекетті құру туралы сөз болып отыр.
Жолдауда отандық суперкомпьютерді іске қосуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл тек технологиялық жетістік қана емес – бұл жаңа кезеңнің: қарқынды, көп деңгейлі және жан-жақты цифрлық трансформацияның басталғанының белгісі. Суперкомпьютер Қазақстан ғылымына жаңа мүмкіндіктер ашып, үлкен деректерді талдауға, өнеркәсіп, медицина, климаттану салаларындағы күрделі процестерді модельдеуге жол ашады, сондай-ақ, отандық жасанды интеллектіні дамытуға серпін береді деп күтілуде.
Бұрын цифрландыру даму элементтерінің бірі ретінде қарастырылса, енді бұл — Қазақстан болашағы құрылатын іргетас. Мемлекет, бизнес, ғылым мен қоғам сияқты барлық тараптардың бұл процеске қаншалықты жылдам және тиімді қосылуына бүкіл елдің табысы байланысты болады.
Сонымен қатар, Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды дамытуын жалғастыруда. Ауылдық жерлерде кеңжолақты интернетті кеңейту бағдарламалары, қалалық басқаруда «ақылды» шешімдерді (Smart City) енгізу, мемлекеттік қызметтерді eGov арқылы цифрландыру – мұның бәрі азаматтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Жыл сайын цифрлық стартаптар саны артып келеді, ал Astana Hub және Tech Garden сынды технопарктер жас IT-кәсіпкерлер үшін тартылыс орталығына айналуда.
Білім беру жүйесінің қосқан үлесін де ерекше атап өткен жөн. Мектеп пен жоғары оқу орындарының бағдарламасына цифрлық платформалар, онлайн-оқыту, бағдарламалау мен робототехниканы енгізу – жаңа технологиялық шындыққа бейімделген «цифрлық буынды» қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауда.
Digital Bridge сияқты форумдар Қазақстанның әлемдік үрдістерді тек қана ілесіп қана қоймай, өзінің цифрлық күн тәртібін белсенді түрде қалыптастырып жатқанын көрсетеді. Бұл ретте тек технологиялық емес, сонымен бірге этикалық аспект те маңызды: азаматтардың құқықтары қорғалған, технологияларға баршаға бірдей қолжетімді, қауіпсіз, ашық әрі инклюзивті цифрлық ортаны құру.
Осылайша, Президенттің Жолдауы тек бағдарламалық құжат қана емес, бүкіл қоғамға жолданған айқын белгіге айналды: цифрлық трансформация — бұл болашақ емес, бүгінгі күннің шындығы, оған қазірден бастап дайын болуымыз қажет.
Қазақстан цифрлық кемелдік дәуіріне аяқ басты — ал бұл жаңа цифрлық қоғамның қандай болатыны әрқайсымызға байланысты.
#Цифрландыру #ЖасандыИнтеллект #ПрезидентЖолдауы2025 #ҚасымЖомартТоқаев #ЦифрлықҚазақстан #Суперкомпьютер #ЦифрлықМемлекет #AI #DigitalKazakhstan #БолашақТехнологиясы #Shymkent
