• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстанда отбасыларына орналастырылған балалар туралы бірыңғай интернет-порталы бар

Автор:admin

Сен 27, 2022
Spread the love

Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезінде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершілік және басқа да жеке сапалары, оның қорғаншының немесе қамқоршының міндеттерін орындау қабілеттілігі, бала мен қорғаншының немесе қамқоршының арасындағы қарымқатынас, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерінің балаға дегенқарым-қатынасы, сонымен қатар, егер мүмкін болса баланың өз қалауы да ескеріледі. Сауалнамалардың алынған қорытындылары бойынша қамқорлық жа- 21 сайтын тұлғаларды дайындаудың алғашқы курстары заңнамамен реттелмеген. Статистикалық мағлұматтардың сараптама қорытындылары бойынша аса кең таралған қорғаншылықпен қамқоршылық (әлеуметтік жетімдер санынан 62,5% бала), содан кейін таралуы бойынша институционалдандыру (31,3%) және патронат (6,2%) орын алады. Қазақстанда отбасыларына орналастырылған балалар туралы бірыңғай интернет-порталы бар. Бұр ресурс 2012 ж. 27 маусымынан ашық және жетім балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына жайғастырудың қолданыстағы механизмдерінің бірі болып табылады. Бала мүдделерін қорғау мақсатында баланы қамқорлық жасауға (асырап алу) тапсырмастан бұрын заңнамалық талаптарға сәйкес болашақ қамқоршылардың (асырап алушылардың) әлеуетті мүмкіндік мағлұматтары мен басқа да мағлұматтары зерттеледі. Бірақ тәжірибе көрсеткендей қорғаншылық және қамқоршылыққа жауапты органдар тарапынан қорғаншыларды (асырап алушылар) жеке тұлға ретінде жеткіліксіз зерделеу мен бақылау фактілері орын алады. Альтернативті қорғаншылыққа қойылған бала егер бұл баланың мүддесіне қайшы келмесе, ата-анасымен, өз отбасының басқа да мүшелерімен, достарымен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндігі бар. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың мүддесі үшін қорғаншылықты анықтау кезінде оның ұлты, нақты бір дінге қатыстылығы мен мәдениеті, туған тілі, тәрбиелеу мен оқытудағы мирасқорлықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескеріледі. Балалардың құқығы бар: 1) олардың адами абыройының кұрметтелуіне; 2) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қамқорлыққа; 3) онымен бірге тұруға; 4) оған тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге; 5) тұрғын үйге құқықтарының немесе тұрғын үйді пайдалану құқықтарының сақталуына; 6) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қиянат етушіліктен қорғанысқа; 7) қорғаншы немесе қамқоршының отбасында тәрбиеленуге; 8) олардың күту, тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етулеріне; 9) тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйі болмаса үй алуға.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика