• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың халі…

Автор:admin

Окт 1, 2022
Spread the love

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасында белгілі бір прогреске қол жеткізілді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі, отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық жоспар бекітілді.

Шет мемлекеттердің дамуына жүргізілген талдау әлемде отбасылық және гендерлік саясат саласында бірыңғай әмбебап модельдің жоқ екенін көрсетті. Әрбір ел қалыптасқан мемлекеттік басқару, ұлттық ерекшеліктер мен мәдениет жүйесін ескере отырып, өзінің отбасылық және гендерлік саясатын қалыптастырады.

Мысалы дамыған елдерде отбасын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетін отбасылық саясаттың үш моделі бөліп көрсетіледі, олар: либералды, консервативтік және әлеуметтік-демократиялық.

Әлеуметтік саясаттың либералды моделі Ұлыбританияға, Ирландияға, Швейцарияға, Жаңа Зеландияға, Канадаға, Аустралияға және АҚШ-қа тән. Бұл елдерде отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыруда мемлекетке қосалқы рөл бөлінген, көмек мұқтаж отбасыларға ғана көрсетіледі. Азаматтарды әлеуметтік қолдау дамыған сақтандыру жүйелері есебінен жүзеге асырылады және мемлекеттің араласуы өте төмен. Материалдық көмек атаулы бағытқа ие және мұқтаждығын тексеру негізінде ғана ұсынылады.

Ұлыбританияда жалғызбасты ата-аналарға материалдық көмек бала 16 жасқа толғанға дейін көрсетіледі, олар: балаларға арналған жәрдемақы, денсаулық сақтаудың тегін қызметтері, тұрғын үй алуға басым құқық. Аустралияда жалғызбасты ата-аналар, оның ішінде әкелер де мемлекеттік көмек алады, бұл ретте жәрдемақының мөлшері олардың жалақысына байланысты болады. Ерекше санаттағы зейнетақыларды кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар жесірлер және 50 жасқа толған адамдар алады.

Ұлыбританияда әрбір балаға туғаннан кейін толықтай төленетін 26 апта, одан кейін 6 аптаға 90% төлеммен және 20 аптаға — белгіленген мөлшерлемемен демалыс беріледі. Канадада жүктілігіне және босануына байланысты демалыс 35 аптаны құрайды, ол ата-аналар арасында бөлінеді. Канадада демалысқа ақы төлеуді әлеуметтік сақтандыру жүйесі жүзеге асырады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика