• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің көлемі өскен!

Автор:admin

Окт 5, 2022
Spread the love

Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның мəліметтеріне сəйкес Қазақстан мемлекеті ең көп көші-қон үрдістері болатын мемлекеттер қатарына жатқызылған. Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің көлемі өсіп, олардың саяси жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайларға əсер етуі кеңейеді. Қазіргі кездің өзінде республикамыз көші-қон ағымының əсерін сезініп жатыр. Сонымен қатар, елімізде көші-қонының ұлттық, өңірлік жəне əлемдік бағытта дамуына мүмкіншілік беретін мониторинг жүйесі жоқ. Мемлекетте көші-қон аясындағы қызметті жетілдіру мен мəжбүрлі көші-қон бойынша көшіп келгендердің құқығын қалпына келтіру қиындыққа ұшырап отыр. Республикада паспорттық- визалық режимді нығайту қажет. Сонымен қатар, мемлекет аумағына келуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркейтін жүйені жетілдіру қажет. Басқа мемлекеттерден республика аумағын бөлетін шекара қызметін күшейту қажет. Осы аядағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актінің бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 шілде 2000 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеу ережесі туралы» № 1063 Қаулысы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда паспорттық–визалық құжаттарды даярлау мен енгізуде жаңа тəсілдер қолданылуда. Сонымен қатар, ТМД елдерінен шекара арқылы өту кезінде визасыз өтетін жағдайлардың тізімін қысқарту қажет. Шекарада қатаң бақылау жүргізілуін жетілдіру керек. Осындай шараларды  жүзеге  асыру  арқылы елдің демографиялық  жағдайын біршама жақсартуға болады. Халықтың   санын  көші-қоны  тұрғысынан толықтырудың нəтижесі адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды қиындатпау қажет. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының мақсаты — еліміздің ұлттық бірдейлігі мен қауіпсіздігін сақтау жəне дамыту шеңберінде заңсыз көші-қонды қысқарту мен сұрыптаушылық көші-қонды қалыптастыру жолымен көші-қон процестерінің келеңсіз салдарын азайту болып табылады. Сонымен, мемлекеттің миграциялық қызметі, мемлекеттің басқа да қызметтері сияқты, Қазақстан Республикасының демографиялық мүдделерін қорғауға, демографиялық үрдістерді реттеуге, шешуге бағытталған. Елдегі халық санының өсуіне ықпал ететін, үлкен маңызға ие болып табылатын көші-қон үрдістерін реттеудегі мемлекеттің қызметін демография саласындағы мемлекет қызметінің бір бөлігі етіп белгілеуге болады. Жоғарыда аталған мəселелерді шешу үшін демографиялық үрдістердің бір бөлігін қамтитын көші-қон саясатын тиімді етіп жүргізу қажет. Ол үшін көші-қон саясаты, сонымен қатар, демографиялық саясаттың өзі де мемлекеттің ішкі саясатының маңызды бөлігі болуы  тиіс. Елімізде жүргізіліп отырған көші-қон саясаты мемлекеттің экономикалық, саяси, əлеуметтік жағынан өсіп-өркендеуге ықпал етуге, егеменділік пен тəуелсіздікті сақтап қалуға, мемлекеттік, ұлттық, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, аумақтық біртұтастықты сақтап қалуға бағытталуы қажет. Осы мақсатта көші-қон саласын реттейтін қазіргі заманның талабына сай заңнамаларды жетілдіріп, дамытсақ жеткілікті іс.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика