• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақстандағы демографиялық өзгерістердің баяу процесін анықтауға болады…

Автор:admin

Окт 4, 2022
Spread the love

Бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған қызмет түрлерінің географиялық шоғырлануына жол беру, мысалы, «демографиялық» қартаюдан туындаған қосымша шығындарды өтеу үшін қажетті кіріс алуға ықпал етуі мүмкін. Бұл ретте білім беру процестерін тұжырымдау өмір бойы оқытумен байланысты болуы шартты. Еңбек өнімінің теңгерімін сақтауға жастарды ынталандыра отырып, егде жастағы азаматтарды қысқа мерзімдік курстан өткізу, әлеуметтік мәдени бейімдеу оларды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Еңбек қызметі тұрысында бұл жалпы көрсеткіштерге және жақсартылған міндеттердің тең бөлінуіне (құзыреттілік) назар аудартады. Түйіндей келе, Қазақстандағы демографиялық өзгерістердің баяу процесін анықтауға болады. Сондай-ақ республикадан кеткен және келгендер саны бір-біріне шамалас. Бұл ретте мемлекет адами ресурстарды тиімді қолданудың және өмір сапасын деңгейлі қамтамасыз ету керек. 2015 жылдан бері Қазақстан аумағынан түрлі себептермен 3 035 889 адам кетіп қалған. Көші-қон айырымы бойынша этникалық құрамға назар аударсақ этностық азшылықтар басым санды құрап отыр және олардың тарихи отанына оралуымен негізгі себептерін болжауға болады. Дегенмен Қазақстанда әлеуметтік бейімдеу және ортақ келісімге ынталандыру тетіктерінің мардымсыздығын атап көрсетуге болады. Осыған қоса, жоғарыда аталған бағдарламалар арасында өзара идеологиялық мазмұн сақталмаған. Басым бағдарламалардың идеялық құндылықтары әлеуеті анықталмаған. «Президенттің бес бастамасы» үндеуі жаңа жаһандық төртінші индустриалды революция жағдайында Қазақстанның адами капитал сапасын нығайтуда орналасуы әлемдік мәселелермен ұлттық бәсекелесу, санасу қажеттігін көрсетті. Осы ретте рухани жаңғыру арқылы Қазақстанның саяси мекемелері мәселеге кешенді дәстүрлі тұрғыдан оралуға жүгінеді. Сөз тіркестері бойынша «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін контент-талдау «тұрғын үй», «»Ел бірлігі», «әлеуметтік мемлекет» – 3 реттен кездесетіндігін айғақтады. Әлеуметтік құрам бойынша «жастарға» – 1, «жастардың» – 1, «Студент» – 5 реттік қайталамада орналасты. Осыдан-ақ, ұлттық әлеуметтік жоба тікелей жастарға бағытталған деуге негіз бар. Бұл бағдарда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды (Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы // . 06.10.2018). Аталған негіздер әлеуметтік өлшемдердегі әрбір ширек ғасыр мерзіміне сәйкес ұрпақтар ауысымы жүргізілетіндігін түсіндіруге жатады. Осы бағыттағы жұмыстардың құнарлығын арттыруда келесі ұсынымдарды енгізуге болады: Біріншіден, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін онтайландыруда әлеуметтік бейімдеу тетіктерінің болуы және мұндай жүйенің ортақ нәтижеге жетуін бағалауы ықтимал. Бұл орайда Жұмыспен қамту орталығының қызметіне үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыра отырып, жобалық басқаруға көшіру. Алдағы демографиялық өзгерістерге бейімдеуде «қызмет көрсетуден» «бірлескен өндіріске» ұйымдастыру. Екіншіден, сыртқы елдердің демографиялық ынталандыруларын қайта зерделеп, арнайы жеңілдіктерді үлесі бар азаматтарға жеткізу. Бұл бағытта «көпбалалы» секілді ұғымдарды заманауи идеялық трансформациялау керек, «әлеуметтік қамсыздандырудан» «әлеуметтік өнімділікке» өзгерту. Үшіншіден, Қазақстан халқының белсенділік болжамын үнемі пайымдау және демографиялық серпінді тиімді инвестицияға ықпал ететіндігін ескеру қажет. Осы бағдарда жеке құжаттарды сәйкестендірумен ұлттық саясаттың символдық белгілерін жеделдету. Сонда ғана және азаматтар өздерінің мүдделерін ескеріп, олардың жалпы демографиялық қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін қосымша күш-жігерін жұмылдырған жағдайда ғана мүмкін болады. Төртіншіден, тұрғын үй құрылысы ипотекалық кредиттеуге қолжетімділік толыққанды қамтамасыз етілмеген. Бұл ретте жоба қадамдарының шешімдік жүйеленбеуі уақытша мазмұндағы әлеуметтік көңіл-күйді басумен шектеліп отыр. Өңір саясатында демографиялық өзгерістерді шешуге көмектесу және урбанизация қарқынын басқару үшін кірістер ағынын аймақ бөлігінде қалай ұйымдастырылатынын және уақытқа сәйкес өзгеретіндігін түсіну керек. Өз кезегінде, ұлттық экономиканың жұмыс істеуінде Қазақстан тұрғындардың өсіп келе жатқан үлесіне серпін беретін аймақтардың рөлін ескеру маңызды.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика