• Пт. Сен 5th, 2025
Популярные метки

Ынтымақ пен татулық – елдіктің тұғыры

Автор:admin

Сен 5, 2025

Қазақ халқының бай тарихына зер салсақ, елдің іргесін бекітіп, болашағын айқындаған ең қымбат қазына – ынтымақ пен татулық екенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген халық даналығы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, қоғамды біріктірген өмірлік ұстанымға айналды.

Кең байтақ қазақ жері талай қилы кезеңді бастан кешті. Тағдырдың тәлкегімен сан түрлі этнос өкілдері осы даладан пана тапты. Сол кезде қазақ халқы кең жүрегімен баршаны бауырына басып, мейірім мен қамқорлық танытты. Бұл ізгі дәстүрдің арқасында халықтар арасында сенімге негізделген достық пен өзара құрмет орнады. Ол бүгінгі күнге дейін жалғасып, еліміздегі бірліктің берік іргетасына айналып отыр.

Қазіргі Қазақстан – жүзден астам этнос өкілі бейбіт ғұмыр кешіп жатқан ортақ шаңырақ. Әрбір халық өз тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап қана қоймай, ортақ Отанымыздың өркендеуіне үлес қосып келеді. Бұл – халқымыздың кең пейілінің, мемлекетіміздің сарабдал саясатының жемісі.

Татулық пен сенім – ел дамуының басты кепілі. Ынтымақ үстем болған жерде қоғамда өзара сыйластық орнығып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу жеңілдейді. Ал тұрақтылық бар жерде экономика өсіп, мәдениет пен білім саласы жаңғыра түседі.

Қазақстан бүгінде әлемге бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп отыр. Ел ішіндегі береке-бірлік – халықаралық аренадағы беделіміздің негізі. Достық – халықтарды жақындастыратын алтын көпір, ал татулық – мемлекет тұрақтылығының тірегі.

Сондықтан ынтымақ пен татулықты сақтау – тек мемлекет деңгейіндегі саясат емес, әрбір азаматтың борышы. Бұл – келешек ұрпаққа аманат етер асыл мұрамыз, елдіктің мәңгілік тұғыры. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *