• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Ноя 30, 2022
Spread the love

Ағымдағы жылдың 25-қараша мен 10-желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық іс-шарасы өткізілуде.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымдарымен қызметін жақсарту және жетілдіру, ана мен баланы қорғауға қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында Абай аудандық полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы полиция майоры Гулвира Бектемисова тұрғындарға жаднамалар тарқатты.
«Қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға шақырамыз. Сондай-ақ, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береміз. Акция аясында осы мақсатта жұмыстар атқарып келеміз»,- деді Гулвира Тілеубергенқызы.
Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдік беретін әйелдердің конституциялық құқықтары және отбасында кездесіп тұратын әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдылықтардың бұзылуына жол бермеу туралы түсіндіріліп, ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау.
Абай ауданы Полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары «Көмек» орталығында қыз-келіншектерге құқықтық кеңес беріп, қолдау көрсетті. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар ұсынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осы ретте, тәртіп сақшылары тұрғындарға жақын туысыңыз немесе өзіңіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда, мемлекет тарапынан бірқатар маңызды көмек түрін тегін ала алатыныңызды еске салады.
Мұндағы басты мақсат — отбасындағы ұрыс-керіс пен түрлі жанжалдарға жасөспірімдердің қарсы екендігін жеткізу.
Осы тұста тәртіп сақшылары отбасындағы жанжал салдарынан балалардың көп зардап шегетінін атап өтті. Сондай-ақ, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Айта өтетін ақпарат, республика көлемінде қолға алынған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы 10-желтоқсанға дейін жалғасады.
Осы ретте, тәртіп сақшылары тұрғындарға жақын туысыңыз немесе өзіңіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда, мемлекет тарапынан бірқатар маңызды көмек түрін тегін ала алатыныңызды еске салады.
Президент жолдауында айтып өткендей «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды.»
«Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын» деген мемлекет басшысының жолдаудағы тақырыптар төңірегінде студенттерге толыққанды насихатталып, өзара сұрақ-жауап алмасты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика