• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРЕТІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК (МКЗК) КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ(1)

Автор:admin

Сен 20, 2022
Spread the love

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында, Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Айнұр Исабекова, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
– Осыған дейін бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін азаматтар үшін тегін заңгерлік көмекті адвокаттар ғана көрсетсе, енгізілген заңнамалық өзгерістерге сәйкес, заң консультанттарына да осындай мүмкіндік беріліп отыр. Қазіргі таңда жалпы Шымкент қаласы бойынша тіркелген 459 адвокаттың ішінде 119 адвокат мемлекет кепілдік беретін заң көмегін көрсетсе, енді 1 119 заң кеңесшісі осы бағытта жұмыс атқаратын болады, — деді Айнұр Ақжігітқызы.
Спикердің сөзінше, 2021 жылы Шымкент қаласының адвокаттары мемлекеттік бюджет есебінен азаматтар үшін тегін көрсетілетін заңгерлік көмек шеңберінде 8 624 тұлғаға қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде – 7 742 тұлғаға заң көмегін көрсетті.
Адвокаттар қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер шеңберінде өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады, сондай-ақ құқықтық консультация беру түрінде, оның ішінде құқықтық сипаттағы өтініштер, шағымдар мен құжаттарды жасауға көмектеседі.
Құқықтық кеңес беру түрінде МКЗК:
1. Жеке тұлғаларға алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша;
2. жыныстық зорлық-зомбылықтың, адам саудасының, лаңкестік актінің құрбандары немесе осы мәртебеге немесе жағдайға байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша азаптауға ұшырағандар;
3. асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғалар;
4. еңбекпен байланысты денсаулығына келтірілген зиян немесе қылмыстық құқықбұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
5. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген Ұлы Отан соғысына қатысушылар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді әскери міндеттілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша;
6. кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасылар;
7. кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, белгіленген кедейлік шегінен төмен (32 749 тг) жан басына шаққандағы орташа табысы аз қамтылған азаматтар (отбасылар).

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика