• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК ШАРТЫ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ АРАСЫНДА ТҮЗІЛЕТІН ЕҢ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТ

Автор:admin

Ноя 29, 2022
Spread the love

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов айтты.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс беруші мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері олардың арасында түзілетін ең негізгі құжат – еңбек шартында айқындалуы тиіс. Себебі, еңбек шартын жасау арқылы жұмыскердің:
— нақты айлық жалақысы белгіленеді;
— жұмыс істеген уақытына сәйкес еңбек өтілі есептеледі;
— зейнетақы қорына аударымдар жүргізіледі;
— міндетті медициналық сақтандыру төлемдері жүргізіледі;
— әлеуметтік қорғалған жұмыскер ретінде жұмыс атқарады және кепілдіктерге құқығы болады.
Сол себепті, жұмыс берушілерді де, жұмыскерлерді де еңбек қатынастарын еңбек шартын түзуден бастауға шақырамыз»,-деді басқарма басшысы Бауыржан Ахметәліұлы.
2022 жылдың 10 айында басқармаға жалпы 316 арыз-шағымдар келіп түскен болса, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша арыздардың саны 9-ды құраған. Яғни, еңбек қауіпсіздігі бойынша арыздардың түсуі жалпы көрсеткіштің 2,8%-ын ғана құрайды. Орын алған жазатайым оқиғалар бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, барлық жинақталған іс-құжаттар тиісті полиция органдарына жолданған.
Спикердің сөзінше, соңғы мәліметтерге сәйкес, қаламызда міндетті сақтандыру шартын жасауы тиіс 7 558 кәсіпорын бар болатын болса, бүгінгі күнге олардың тек 2 128-і ғана өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандырған. Бұл жалпы көрсеткіштің 28,2%-ын ғана құрайды. Яғни, қазіргі күнге 5 430 кәсіпорын өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандырмаған. Бұл бағытты басқарма тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Еске салар болсақ, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы журналистерге Қазақстан Республикасының Əлеуметтік Кодексінің жобасы туралы ақпарттармен бөліскен болатын. Жалпы Кодекс алты бөлімнен тұрады. Атап айтқанда:
— Отбасының сандық картасын енгізу;
— Жұмыспен қамтудың жаңа саясаты;
— Жаңа көші-қон саясаты;
— Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары;
— Арнаулы əлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту;
— Зейнетақы төлемдерін арттыру.
«Әлеуметтік Кодекс жобасында жұмыспен қамтудың жаңа саясатын іске асыру үшін еңбек нарығын ырықтандыру, яғни, икемді жұмыспен қамту үшін жағдай жасау; жұмыс күшінің біліктілігін арттыру, бұл дегеніміз, жаппай оқыту жəне білім сапасын арттыру; еңбек ресурстарының ұтқырлығын жандандыру; таланттарды тарту көзі ретінде сыртқы көші-қонның жаңа тəсілдерін енгізу; жастардың креативті əлеуетін көтеру арқылы оларды еңбек нарығына тарту және еңбек делдалдығын дамыту, ол деген, жұмыспен қамтуға жəрдемдесуді күшейту бағытындағы міндеттер мен бастамалар қарастырылған»,- деді Бахтияр Әлтайұлы.
Брифинг барысында Әлеуметтік Кодекстің барлық тармақтарымен қысқаша таныстырып өткен департамент басшысы алдағы уақытта, халыққа түсінікті болу үшін, әр бөлімге жекеше тоқталып, толық мәліметтермен бөлісуді жоспарлап отырғандықтарын жеткізді.
Сонымен қатар, брифингке қатысқан «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Шымкент қалалық филиалының жетекшісі Д.Тиллабеков Əлеуметтік Кодекске отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілетіндігі туралы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталғандығы жөнінде айтып өткен еді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика