• Ср. Дек 24th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТІҢ ТРАНСФОРМАТОРЫНА ШЕТЕЛДЕН СҰРАНЫС БАР

Автор:admin

Дек 24, 2025

«Asia Trafo» – Қазақстанның ірі электр техникалық компаниясы, электр энергетикасы, электр машина жасау және құрылыс салу саласында әрекет ететін 30-дан астам кәсіпорындар мен зауыттарды қамтиды. Мұндай кәсіпорындардың ішінде – Кентау Трансформатор Зауыты және «Электрмонтаждау бұйымының зауыты» қамтитын орасан зор тәжірибесі мен 10 мамандандырылған монтаждау басқармасы бар, кез-келген қиындықтағы электрмонтаждау жұмыстарын орындайтын «Электрмонтаж» АҚ мамандандырылған компания, кабель трассалар жүйесін жасайтын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.

«Asia Trafo» – отандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. 2019 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінде 500-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жобалық қуаты жылына 120 дана жоғары кернеулі трансформаторлар өндіреді. Зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, бүгінде шет елдерден де сұраныс бар.

Кейде өзіміздегі дүниеге көңіліміз толмай сырттан жаңа технология алып жататынымыз бар ғой. Осында жетекші қызмет ететін Дәуірбек Әлтеев Оңтүстік Корея, Италия елдерінен сатып алынған трансформаторлардың жиі бұзылып, осында жөнделетіндігін айтты.

Бұл кәсіпорынның кешегі ТМД-да баламасы жоқ. Ресейдегі кәсіпорындардың дені ескірген. Шымкенттен Сахалин, Қиыр Шығысқа сұраныс білдіреді екен. Қуанып қалдық. Міне, Шымкентте әлемдік фирмалармен санаса алатын, өзін экономикалық жағдайында тиімдігін дәлелдеген кәсіпорындар көбейіп келеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *