Астана қаласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Еліміз бойынша жүздеген компания қатысқан конкурста Шымкенттің «ЕвроКристалл» ЖШС мен «Dala-Construction.KZ» ЖШС жоғары нәтижеге қол жеткізіп, лауреат атанды.
Бұл кәсіпорындар өңірде әлеуметтік жобаларды дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамды қолдауға бағытталған бастамалары арқылы ерекшеленді. Олардың жобалары қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік қорғау шараларын кеңейту және өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды қолдауға үлес қосуымен бағаланған.
Айта кетейік, конкурстың қалалық кезеңінде Шымкент қаласынан 18 кәсіпорын қатысып, 5 номинация бойынша 19 өтінім ұсынылған болатын. Комиссия барлық үміткерді арнайы талаптар бойынша қарап, әлеуметтік жауапкершілік деңгейі, еңбек жағдайы, экологиялық талаптарды сақтауы және корпоративтік мәдениет көрсеткіштері ескерілді.
Бұл марапат жергілікті кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілікке деген жоғары көзқарасын көрсетіп, алдағы уақытта әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуына серпін береді деп күтілуде.
