Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғын жоғалған жеке куәлігін қайта жасату мәселесі бойынша жүгінген.
Тиісінше, тәртіп сақшылары азаматтық өтінішін жедел қабылдады. Заң талаптарын толығымен түсіндіріп, құжаттарын заң шеңберінде реттеуге көмектесті. Атқарылған тиісті шаралардың нәтижесінде, жаңа үлгідегі жеке куәлік рәсімделіп, иесіне табысталды.
Өз кезегінде, қала тұрғыны Зыпан Нұрғасыр Әбтарұлы: «Әл-Фараби АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне жоғалған жеке куәлігімді қайта қалпына келтіру бойынша өтініш қалдырдым. Қызметкерлер сапалы қызмет көрсетіп, жедел түрде жеке куәлігімді жаңартып берді. Сіздерге алғысымды білдіремін»,-деп ризашылығын жеткізді.
Еске салар болсақ, Әл-Фараби АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Пәтер» профилактикалық іс-шарасын қарқынды өткізген болатын.
Шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу. Сондай-ақ, қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, заңсыз көші-қонның жолын кесу болып табылады.
Кезекті рейд кезінде Өзбекстан Республикасының азаматтары қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тиісті рұқсаттарды алмай елге келіп, жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Осыған байланысты көші-қон заңнамасын бұзған 30 шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, қабылдап-тарату орталығына жеке бастарын анықтау мақсатында 40 тұлға жеткізілді.
Айта кетейік, көші-қон қызметінің барлық сұрақтары бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 97-63-02, 97-63-13, 97-63-37, 97-63-33, 97-63-01, 97-63-.
Сондай-ақ, Шымкент ҚПД Көші-қон қызметі басқармасының shymkentmigraciya@gmail.com электрондық поштасына өтініштерді жіберуіңізге болады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі