Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар . Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін ала-алады. 2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жеткен. Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы болса, тұз кеніші (солева шахта), АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар.
«Ардагерлермен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде орталықта 715 ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтырумен және йогамен айналысады», — дейді «Белсенді ұзақ өмір орталығының» басшысы Мауия Сахибекқызы.
Орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, медициналық картаны толтырсаңыз жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан азаматтар қоғамдық, мәдени шаралардан да тыс қалмай, оларды қоғамға әлеуметтендіруде белсенді іс-шаралар жүргізілуде.
Қазір Шымкент қаласында 83 928 зейнеткер бар, оның 568-і жалғызілікті қариялар. Жалғызілікті қарттарға арналған бөлім ашуды қала әкімі Мұрат Әйтенов өткен жылы орталықты аралау барысында тапсырған болатын. Қала әкімі бастамасымен ашылған бұл сауықтыру бөлімшеде дәрігерлік тексеру, фитобар, емдік массаж бен физиотерапия кабинеті мен тұз шахтасы, сурет салу, қыш қолөнер шеберханасы мен еңбек терапиясы секілді 27 сауықтыру қызмет түрі бар. 25 орынға лайықталған бөлімде 3 мезгіл ыстық тама та қаралған.
Сауықтыру мекемесінде 300-ге жуық зейнеткерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Күн тәртібі дәрігерлік тексеруден басталады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған.
Бұл жерде емдік дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қаралған. Қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға мүмкіншіліктері бар. Белсенді өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында дендросаябаққа, театр және спорт кешені мен бассейнге бару кестесі түзілген.
«Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ туралы толық ақпаратты 8(7252) 53-02-08 нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.