• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 94 ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Дек 9, 2022
Spread the love

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында республика бойынша алғаш рет «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері: шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелендіру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру. Бүгінгі таңда 94 жобаға қолдау көрсетілді.
Тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру бағыты бойынша, қаламызда бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған ірі кәсіпорын «Трубмашхолдинг» ЖШС-нің базасында 2022 жылы алғаш «Silkway Alliance» алаңы пилоттық жоба ретінде іске асырылды (аймақтың алаңы – 4,4 га, өндірістік алаңдарының аумағы – 3,5 мың ш.м. толық инфрақұрылыммен қамтылған).
«SILKWAY ALLIANCE» ЖШС өндірістік алаңы толуына байланысты «Қайнар май» ЖШС кәсіпорынның аумағында жаңа өндірістік алаңын іске қостық. Аумағы — 2,38 га, өндірістік алаңның көлемі – 3 438,4 ш.м. шамамен 15 шағын кәсіпкерлерге өндірістік алаңдарымен қамтамасыз етілуі күтілуде.
Бұдан бөлек, «Асыл Арман Казақстан» ЖШС аумағында жаңа өндірістік алаңы да іске қосылған. Оның аумағы – 1 га, өндірістік алаңның көлемі – 3 513,9 ш.м. шамамен 15 шағын кәсіпкерді өндірістік алаңмен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Мемлекет басшысы өндірісті дамыту, индустриялық аймақтарды жетілдіру үшін қала экономикасын әртараптандыруға және отандық өнім шығаруға баса мән беріліп жатқанын жеткізді. Президент келесі мәселе ретінде ауыл шаруашылығын өркендетуге тоқталып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса өзекті мәселенің бірі екенін атап өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау үшін «Іскер қала» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жеткен.
– Бұл – жақсы көрсеткіш. Осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Осы тұста Шымкент халқының іскерлігін айрықша атап өткім келеді. Жалпы, оңтүстік халқы қашанда еңбекқорлығымен танымал болған. Бұл қасиеттеріңіз – көпшілікке үлгі-өнеге. Халқымыз «Еңбек – ырыстың қазығы» деген. Мен адал еңбекпен елімізді дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.
Жалпы Шымкент қаласы 2020 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемінің өсу көрсеткіші бойынша республикада екінші орында болған болса, 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан өңірлерінің рейтингісінде тұрақты түрде көш бастап келеді.
Айтып өтейік, «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығын салу барысында 200 тұрақты және 1250 уақытша жұмыс орны ашылмақ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика