• Чт. Авг 28th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН 250-ДЕН АСТАМ ЖЕР УЧАСКЕСІ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРЫЛДЫ

Автор:admin

Авг 27, 2025

Шымкент қаласында маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін қайтару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері 254 жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылған. Бұл ретте мемлекет пен тұрғындар арасындағы өзара келісім, заң аясында өтемақы төлеу немесе баламалы жер телімін ұсыну арқылы жүзеге асып келеді.
Басқарма деректеріне сәйкес, 207 жер теліміне жалпы көлемі 116,7 гектарды құрайтын аумақ үшін мемлекет тарапынан 5,1 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленген. Сонымен қатар:
• 31 учаскенің иелеріне тең бағалы жер телімдері ұсынылды;
• 6 жер телімі иелерінің ерікті бас тартуы негізінде мемлекетке қайтарылды;
• 3 учаске (11,3 га) сот шешімімен қайтарылды;
• Ал жалпы ауданы 57,24 га болатын 7 жер учаскесі де сот шешімімен өтемақысыз мемлекет меншігіне өтті. Бұл ретте бюджеттен 500 млн теңгеге жуық қаражат үнемделген.
Қазіргі уақытта осыған ұқсас тағы 30 жер учаскесі бойынша өтемақысыз қайтару бағытында заңнамалық жұмыстар жалғасуда.
Қайтарылған немесе қайтарылуға жататын учаскелердің басым бөлігі қала үшін маңызды нысандардың құрылысына арналған. Олардың қатарында:
1. Қонаев даңғылының 5-кезең жалғасы
270 жер учаскесінің 248-і мемлекет мұқтажына алынып, өтемақы төленді.
2. Тұран ауданындағы А-2 автожолы
(Бадам өзенінен Қазығұрт шағынауданындағы айналма жолға дейін) – 80 жер телімінің 23-іне өтемақы төлеу жұмыстары жүргізілуде.
3. С.Бәйтереков көшесінің жалғасы
(Ы.Алтынсарин көшесі, Алматы трассасынан Тұран шағынауданына дейін) – 56 учаскенің 33-іне өтемақы төленіп, мемлекет меншігіне қайтарылды.
4. Қаратау ауданы, 223-орамдағы стадион құрылысы
191 учаскенің 174-і өтемақымен, 6-ы тең бағалы жер телімімен қайтарылды.
5. Абай ауданы Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңа қоныс, Ізенді көшелеріндегі жөндеу жұмыстары үшін
24 учаскенің 23-і мемлекет меншігіне алынған.
Шымкент қаласында қарқынды дамып жатқан жол-көлік инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандардың құрылысы үшін жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін қайтару — қала дамуындағы заңды және қажетті процесс. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын тауып, мегаполис тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/wvYz091H3rQ?si=SXDLBLecJtDza21J

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *