• Пт. Мар 13th, 2026
Популярные метки

Шымкентте кәсіподақ мүшелеріне ауызашар берілді

Автор:admin

Мар 13, 2026

Бүгін Шымкент қаласында Сейітжан қари мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, «Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сауапты іс-шара өтті. Кәсіподақ ұйымы өзінің белсенді мүшелері мен сала ардагерлеріне арнап Сейітжан қари мешітінде берекелі ауызашар дастарқанын жайды.
​Бұл кездесудің басты мақсаты — күнделікті қарбалас жұмыс пен жауапты қызметте жүрген сала мамандарының басын қосу, ұжымдық ауызбіршілікті нығайту және асыл дініміздің құндылықтарын ұлықтау.
​«Кәсіподақ — тек еңбек құқығын қорғайтын ұйым ғана емес, ол — үлкен бір отбасы. Мұндай рухани кештер әріптестеріміздің арасындағы сыйластықты арттырып, жұмысқа деген құлшынысын нығайтады», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
​Ауызашар дастарқанында ақ жаулықты аналар мен еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.
​Жиналған қауымға ақ ниетті тілектер айтылып, ел амандығы мен жұмыс берекесі үшін дұға жасалды.
​Қатысушылар осындай игі шараны ұйымдастырған кәсіподақ ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.
​Берекелі Рамазан айында жасаған игі істеріңіз бен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *