• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Автор:admin

Ноя 21, 2022
Spread the love

Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мәлімдеді.
Азаматтардың еңбек құқығының сақталуы — еңбек өнімділігіне тікелей әсер етуші фактор. Оның тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да тікелей әсері болғандықтан жергілікті атқарушы органдар еңбек қатынастарының тұрақтылығын үнемі бақылап отырады.
Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты 1 160 арыз-шағым мен өтініш қаралып, 296 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында 316 заң бұзушылық анықталып, 21,9 млн. теңге айыппұл салынған. Нәтижесінде 1 744 азаматтың еңбек құқығы қорғалып, заң талаптарының орындалуы қадағалауға алынған.
Сонымен қатар Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлердің еңбек ақысын толық әрі мерзімінде төленуі бойынша да біршама жұмыс жүргізілген. Мамандар жыл басынан бері –азаматтардың 222,3 млн.теңге көлеміндегі еңбек ақысы өндірілгенін мәлімдеп отыр.
Бақылау-қадағалау және медиация жұмыстарының нәтижесінде 57 кәсіпорынның 1 355 қызметкеріне еңбек ақысы төленген.
Айта кетейік, Мегаполисте 1 744 азаматтың еңбек құқығы қорғалған.
Сондай –ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244 бабына сәйкес сотқа талап арыз жолданып, сот шешімі негізінде өз бетінше салынған құрылыстың өз есебінен бұзылуына әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне және «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындарынды, ғимараттарды және құрылыс салуды ұйымдастыру» 1.03-00-2011 Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы (бұдан әрі — Басқарма) Сізге келесі талаптарды сақтай отырып, іс-шараларды жүргізу қажеттілігі туралы хабарлайды:
1. Тапсырыс беруші құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды орындауы қажет:
— объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алу.
— құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу. (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы).
— эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу
— жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу.
— мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісім-шарт жасау.
— мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика