• Сб. Окт 18th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Окт 18, 2025

Елімізде жыл сайын 19 қазанда кәсіби мереке – Құтқарушылар күні атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Атаулы күннің еліміздің азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылуы мен дамуы тарихындағы маңызы зор.
Мерекелік іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, азаматтық қорғаныс жүйесін нығайтуға елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлерін құттықтады. Салтанатты жиын барысында үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен арнайы көліктердің кілттерін табыс етті.
– Еліміздің қауіпсіздігі мен азаматтардың игілігі жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз – ерлік пен Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі. Сіздер адамдарды құтқару жолында күн сайын өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, борыштарыңызды абыроймен атқарып келесіздер. Осынау мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін – деді Ғ.Сыздықбеков.
Қала әкімі, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған заманауи өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының көрмесін аралады.
Айта кетейік, қалалық департаментте қазір мыңға жуық адам жұмыс істейді. 10 өрт сөндіру бекетінің мамандары мен жедел-құтқару жасағы жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, қала аумағының кеңеюіне байланысты қауіпсіздікті жақсарту, жаңа өрт сөндіру бекеттерін салу, жедел жәрдем мен полицияны біріктіретін заманауи көпфункционалды орталықтарды құруда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, соңғы жылдары өртке қарсы сынақ зертханасы мен медициналық пункт ашылып, 43 жаңа құрал-жабдық сатып алынды. Құтқарушылардың дайындығын арттыру үшін спорт алаңы мен жаттығу алаңдары әзірленді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *