• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген жақсы тәмсіл бар.

Автор:admin

Сен 23, 2022
Spread the love

Елдің тұтастығы, азаматтардың бақытты болуы, мемлекеттің келешегі ең әуелі әрбір отбасының жағдайымен, елдегі отбасы институына қатысты хал-ахуалмен тығыз байланысты. Осы орайда, бүгінгі мақаламызды Отбасы күні қарсаңында еліміздегі отбасы институтының жағдайы, кейбір күрмеулі мәселелер және оларды шешу жолдарына арнамақпыз.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары отбасы институтын жақсарту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар құқықтарын қорғау, баршаға бірдей тең құқықты қамтамасыз ету сияқты бағыттар бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Отбасы мемлекеттің ажырамас бөлігі, оның басты күші және еңбек нарығы екендігі мәлім. Бірақ кейбір отбасыларда ажырасу және некесіз бала туу үрдісінің өсуі, толық емес отбасылар санының артуы, алимент төлеудегі проблемалар, «азаматтық» және кейбір этникалық топтар өкілдері арасында туысқандық некелер, діни мекемелер арқылы неке қию, қыз алып қашу және оларды күштеп тұрмысқа беру оқиғалары, ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы мәселесі, қаламаған жүктілікті үзу жағдайлары, ерте жастан некеге тұру, кәмелет жасына толмағандардың жүкті болуы, ерте жастан аборт жасату проблемалары, отбасындағы зорлық-зомбылық және қатыгездік жағдайлары т.б. мемлекет және қоғам болып жұмылуды қажет ететін түйіткілді мәселелер бар.

Демографиялық жағдайды жақсарту территориясы үлкен, халқы аз Қазақстан үшін маңызды мәселе. Ал демографиялық өсімді қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік қамсыздандыру, ана мен бала капиталын дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болуы тиіс. Осы орайда, аталған салада шешімін күткен мәселе жетерлік.

Елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілері көбейіп келеді. Статистика деректері әрбір үшінші отбасының ажырасатынын дәлелдейді. Мысалы 2011 жылы 160,5 мың некенің 44,9 мыңы ажырасса (28%), 2015 жылы 148,7 мың некенің 53,3 мыңы ажырасқан (35%). Ал бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 40 пайызға дейін жетіп отыр.

Айта кетерлік мәселе, кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасылардың шаңырағы жиі шайқалады. Яғни, әкесіз немесе анасыз өсіп жатқан балалардың саны көбейіп келеді. Бұл жекелеген отбасының емес тұтас ұлттың басты проблемаларының бірі. Толық емес отбасында тәрбиеленген бала көбінесе психологиялық, материалдық, моральдық тұрғыдан кедергілерге тап болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика