Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Мәжіліс барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбеков инвестиция тарту жұмыстары жөнінде баяндама жасап, ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы кеңінен мәлімет берді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев пәтер қарыздарын өндіру және квартиранттарды шығару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған мәселелерге тоқталды.
Сондай-ақ Киелітас және Бірінші Мамыр ауылдық округтерінде өндірістік парктерді құру мәселесі қаралды. Бұл бағытта Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі Бақытбек Маусунбеков пен Киелітас ауылдық округінің әкімі Баймырза Адамбек баяндама жасап, өндірістік парктердің маңыздылығы, оларды іске асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелер жөнінде ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Марлен Тоқсейіт күзгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы туралы хабарлама жасады.
Мәжіліс барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, инвестиция тарту, өндірістік парктерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу және қорғаныс істері бойынша міндеттердің сапалы орындалуы ауданның тұрақты дамуына тікелей әсер етеді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
ТӨЛЕБИ: МӘЖІЛІСТЕ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
