Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез – құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің акуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ – ның толыққанды мүшесі Қазақстан үшін дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек. 2000 жылдың 1 желтоқсанына еліміздің халық саны (есепті деректер бойынша) 14843,7 мың адам болды, саның ішінде 8284,1 мыңы (55,8)- қала және 6559,6 мыңы (44,2) село тұрғындары. 2000 жылдың қаңтар-қарашасында халықтың табиғи өсімі – 64,3 мың адам болды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңдегісінен 6,6 көп. Табиғи өсім шамасының артуы еліміздің 10 аймағында (Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқаларында) байқалды. Республикада халықтың табиғи қозғалыс процесін бейнелейтін көрсеткіштердің жалпы деңгейі артуда. 2000 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық (Қарағанды, Қостанай, Қызылордадан басқа) облыстарында өсті. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан сияқты облыстарда бала туу деңгейі республикалық орташа деңгейден жоғары (1000 адамға – 17,3 22,8 нәресте). Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Сотүстік Қазақстан облыстарында халықтың өлу деңгейі жоғары (1000 адамға –11,8-12,6 өлім) Төрт облыста (Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан) өлгендер саны туылғандардан басым, яғни табиғи кему процесі жүріп жатыр. Республикадағы барлық тіркелген өлім жағдайларының жартысына жуығы қан айналымы жүйесі ауруларының еншісінде, мұның өзінде Батыс Қазақстан. Өңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары мен Алматы қаласында осы себептерден өнім үлесі осы аймақтарда өлгендердің жалпы санынан 50 жоғары. 2000 жылдың қаңтар-қарашасында республикада 1 жасқа дейінгі 3,9 мың нәрістенің шетінегені тіркелді немесе бұл 1000 нәрестеге 19,5 жағдай (1999 жылғы қаңтар – қарашада – 4 мын немесе 1000 нәрестеге 20,2 шетінеу). 2000 жылдың есепті кезеңінде сәбилер өнімінің деңгейі өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда Алматы (1000 туылғанның 16-дан 13,9 на дейін), Ақмола (23,8 ден 16,8 ге дейін), Атырау (21,1 ден – 18,2 ге дейін), Батыс Қазақстан (20,7-ден-18,7 ге дейін), Қарағанды (20,5 тен 19-ға дейін), Маңғыстау (30,5 тен 25,8-ге дейін). Солтүстік Қазақстан (18,7 ден 16,4-ке дейін) облыстарында және Алматы (16,2-ден 15-ке дейін) Астана қалаларында (18,1 – ден 16,3 – ке дейін) кеміді.
R-ақпарат