• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстан демографиялық дамудың бірнеше кезеңінен өтті.

Автор:admin

Окт 5, 2022
Spread the love

Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері демография саласына айрықша көңіл бөліп, оның өсуі мен тұрақтылығына жіті назар аударып келеді. Кез – келген ел үшін ең алдымен демографиясының жоғары болуы, сенімді еңбек күштерінің жеткілікті деңгейде болуы маңызды. Қазақстан өз тәуелсіздігінің ерте таңында бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелермен бетпе-бет келді. Олар – нарықтық экономикаға көшу кезіндегі күрделі экономикалық жағдай, халықтың көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қорғаудың күрт құлдырауы және басқалар. Бұл ретте жүйелі демографиялық саясат айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге және ел дамуының жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Қазақстанда демографиялық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ әр шаңырақты қолдаудың кең тетігі мен тәсілдерін қарастыратын институционалдық орта мен нормативтік құқықтық актілер жүйесі қалыптасты.

Жалпы, Қазақстанның демографиялық даму кезеңдерін 3 кезеңмен көрсетуге болады.

Ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс және одан кейінгі жаңғырту және реформалармен сипатталған бірінші кезеңде (1991-1999 ж.ж.) халық саны 1,3 миллион адамға қысқарды. Бұған көбіне эмиграция процесі ықпал етті: сол жылдары елден 2,6 миллионнан астам адам көшіп кетті (жалпы көші-қон сальдосы -1,8 миллион адамды құрады). Сонымен бірге туу және өлім-жітім процестерінде қолайсыз үрдіс байқалды. Туудың 38,5%-ға төмендеуі өлім-жітімнің 9,7%-ға өсуімен қатар халықтың табиғи өсімінің үш есе – 1991 жылғы 218,8 мыңнан 1999 жылғы 72 мың адамға дейін төмендеуіне әкелді.

Халықтың өмір сүру ұзақтығы 3 жылға (1990 ж. – 68,7; 1999 ж. – 65,7), ал ерлер арасында – 3,3 жылға, әйелдер арасында – 2,2 жылға қысқарды. Әйелдер мен ерлер арасындағы өмір сүру ұзақтығының алшақтығы 9,2 жастан 10,3 жасқа дейін өсті.

1990 жылдардағы экономикалық және әлеуметтік реформалар Қазақстан өмірінің айтарлықтай жақсаруына ықпал еткендіктен, демографиялық және көші-қон үрдістері өзгерді. Халықтың әл-ауқатының өсуі мен денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер туу көрсеткіші мен халық санының өсуіне қолайлы әсер етті.
Осылайша, 2000-2013 жылдар аралығында халық санының қысқаруының теріс тенденциясының біртіндеп жойылуы байқалды. Халықтың өсімі 13,5% (немесе 2 млн. адамнан астам) құрады, халық саны 16,9 млн. адам шегіне жақындады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика