• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР РӨЛІ ЖӨНІНДЕ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Автор:admin

Окт 12, 2022
Spread the love

Қаратау ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда отбасылық құндылықтар рөлі» атты қаламыздың отбасы істері саласы бойынша жұмыс жүргізетін құзырлы мекемелерінің, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, мәслихат депутаттары мен мектеп директорларының, аудандық аналар кеңесі мүшелерінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Б.Жандосованың қатысуымен аудандық кезекті семинар өткізілді.
Семинар барысында аудандық құзырлы мекемелер тарапынан атқарылған жұмыстар баяндалып,«Отбасындағы әке рөлі»,«Медиацияның маңызы.Мектеп медиациясын жандандыру», «Жас отбасыларды қолдауда қабылданған шаралар»,«Дәстүрлі құндылықтарды сақтау-басты парыз» секілді маңызды тақырыптар талқыланды.
Семинар барысында көтерілген ұсыныстар, пікірлер мен жобалар аудандық комиссияның жоспарына енгізілді.
Семинар соңы аудан аумағындағы білім беру ұйымдарымен тренинг бағытына жалғасты.
Аталған бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да ауданда өткізілетін болады.
Президент жолдауында айтып өткендей «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды.»
«Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын» деген мемлекет басшысының жолдаудағы тақырыптар төңірегінде студенттерге толыққанды насихатталып, өзара сұрақ-жауап алмасты.
Еске салар болсақ Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Сана сезім» құқықтық орталығымен бірлесе «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» атты республикалық акциясын өткізген болатын.
Акцияға «Самғау сенім Орталығы», Жастар Ресурстық Орталығы еріктілері, қалалық полиция департаментінің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобы қатысты. Іс-шара барысында қаланың адам көп шоғырланатын жерлерінде әйелдерге зорлық-зомбылықтың алдын алу турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде Шымкент қаласында отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға қол ұшын созатын «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы жұмыс атқарып келеді. Орталық құқығы тапталған қыз-келіншектерге тегін және жасырын түрде заңды көмек беріп, Полицияға және мемлекеттік органдарға жүгінуге көмектеседі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика