• Ср. Окт 22nd, 2025
Популярные метки

Тұран ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өтті

Автор:admin

Окт 11, 2025

Тұран ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындар мен нысан қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Жуырда басқарма қызметкерлері аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік және стратегиялық маңызды нысандарда өрт қауіпсіздігі бағытында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, аудан аумағында орналасқан мешіттерде “Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау”, “Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану”, “Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер” тақырыптары бойынша арнайы үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Қызметкерлер имамдар мен мешіт жамағатына тұрмыста және қоғамдық орындарда өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ, өрт туындаған жағдайда қандай бастапқы әрекеттерді орындау керектігі, ғимараттан эвакуациялау тәртібі және өрт сөндіру құрылғыларын қолдану жолдары нақты мысалдармен көрсетілді.
Мешіт қызметкерлеріне жазбаша ұсыным хаттар табысталып, оларда нысан ішіндегі өрт қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ережелер қамтылды. Сонымен қатар, құлшылық орындарының жылыту маусымында жиі қолданатын жылу беру құрылғылары мен электр сымдарының техникалық жағдайы да назардан тыс қалмады.
Бұдан бөлек, Тұран ауданы ТЖБ мамандары аудан аумағында орналасқан автожанармай құю станцияларына барып, сол жерде қызмет атқаратын қызметкерлермен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында “Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер” және “Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі” тақырыптары қозғалды. Қызметкерлерге жанар-жағармай өнімдерімен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері, өрт шыққан жағдайда жасалатын шұғыл әрекеттер тізбегі мен персоналдың жауапкершілігі туралы толық ақпарат берілді.
Бұл нысандарға да ұсыным хаттар беріліп, ондағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрақты бақылауға алынатыны ескертілді. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында ТЖБ мамандары тарапынан ұсынылған шаралар бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасын табатыны жеткізілді.
Тұран ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы мұндай алдын алу шаралары аудан аумағындағы әлеуметтік, діни және өндірістік нысандарда қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрттің және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тиімді құрал екенін атап өтті. Алдағы уақытта да басқарма профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *