Шымкент қаласы Тұран ауданының төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан халық арасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыста өрттің алдын алу, улы газбен улану жағдайларын болдырмау және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндіру мақсатында кешенді алдын алу шаралары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Тұран ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері аудан аумағындағы халық тығыз орналасқан нысандарға, соның ішінде жатақханалар мен хостелдерге арнайы рейдтер ұйымдастырып, тұрғындармен тікелей кездесулер өткізді. Аталған іс-шаралар барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде кең көлемде ақпарат берді. Әсіресе, тұрмыста жиі қолданылатын жылытқыш құралдарды, газ плиталарын, электр сымдарын және басқа да жабдықтарды дұрыс пайдалану ережелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары барысында азаматтарға улы газбен улану қауіпінің алдын алу шаралары да егжей-тегжейлі түсіндірілді. Тұрғындарға улы газдың шығу себептері, алғашқы белгілері, одан уланған жағдайда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы мағлұматтар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстың басты мақсаты – тұрғындардың төтенше жағдайға дайындығын арттыру, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және өмірлерін сақтап қалуға бағытталған нақты іс-қимыл алгоритмдерін үйрету болып табылады.
Қызметкерлер тек түсіндіру жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, әрбір тұрғынмен жеке әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, тұрмыстық жағдайда жиі кездесетін қауіпсіздік ережелеріне қатысты нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, азаматтарға арнайы дайындалған ақпараттық жадынама парақшалары таратылып, онда өрт қауіпсіздігі ережелері, тұрмыста жиі кездесетін қауіптер мен олардан сақтану жолдары көрсетілген.
Жадынамаларда өрт туындаған жағдайда хабар беру нөмірлері, өрт сөндіру қызметі келгенше қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігі, балалар мен қарт адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру тәртібі, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану ережелері қамтылған.
Сонымен қатар, тұрғындарға алғашқы өрт сөндіру құралдарының түрлері мен оларды қолдану тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың теориялық білімін практикамен ұштастыруға және нақты жағдайда дұрыс әрекет етуге көмектеседі. Қызметкерлер өрт сөндіргіш құралдың құрылымы мен оны іске қосу тетіктерін көрсетіп, әр тұрғынды құралды өз қолымен пайдаланып көруге шақырды.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – өрттің алдын алу және төтенше жағдайлар кезіндегі адам шығыны мен материалдық шығындарды болдырмау. ТЖБ қызметкерлері алдағы уақытта да осындай түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра бермек. Себебі қауіпсіздік – әрбір азаматтың басты құндылығы.
