• Вс. Мар 15th, 2026
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Автор:admin

Мар 15, 2026

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Түркістан қаласы – облыс орталығындағы тығыз қоныстанған және сайлаушылар саны көп өңірлердің бірі, сондықтан таңғы сағат 07:00-ден бастап халықтың қарасы қалың. Тұрғындар отбасымен, қариялар мен жастар бірге келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға асығуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *