• Пн. Дек 8th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АҚЫЛДЫММЕН АҚЫЛДЫМЫН» БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Автор:admin

Дек 2, 2025

Түркістан қаласындағы мәдени-ағартушылық мекемелер балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Соңғы жылдары қала кітапханалары мен білім беру орталықтары балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларды жүйелі түрде өткізуге ден қойған. Осы бағытта республикалық «Ақылдыммен ақылдымын» байқауы маңызды рөл атқарады. Байқаудың басты мақсаты – балалардың кітаппен және баспасөзбен байланысын нығайту, олардың оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жас таланттарды қолдау арқылы олардың дарынын ашу.

Байқау Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен және республикалық «Ақылдым» журналының бас редакторы Бейсенкүл Жақсылыққызының жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іріктеу кезеңі Түркістан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында өтті. Балалар байқауға қатысу арқылы өз қабілеттерін көрсетті, жаңа нәрселерді үйренді және шығармашылық белсенділігін арттырды.

Байқау үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең – «Мен қандай адам боламын?», екінші кезең – «Баспасөзбен бірге өсіп келемін», үшінші кезең – «Мен оқығанды жақсы көремін». Әр кезең балалардың ой-өрісін, өз ойын ашық жеткізуін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қатысушылар өз шығармашылық жобаларын көрсету арқылы ойларын еркін білдіруге, өз қабілеттерін басқаларға танытуға мүмкіндік алды.

Іріктеу кезеңінде балалардың өнері арнайы қазылар алқасы бағалады. Қазылар құрамында республикалық «Ақылдым» журналының редакторы Бейсенкүл Жақсылыққызы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Дана Хантөреқызы және Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы директорының орынбасары Айгүл Бақытқызы болды. Кәсіби мамандар қатысушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық талғамын, әдебиетке және оқуға деген қызығушылығын ескеріп, әділ бағасын берді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы Омар Әлинұр иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. І орын А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Қалила Раянаға, ІІ орын Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Зұлхарнай Нұрсаяға, ІІІ орын М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Нағашбек Айкөркем мен №28 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Талғатқызы Раянаға берілді. Барлық қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарын алды.

Түркістан қаласындағы кітапханалар мен мәдени орталықтар балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау мақсатында осындай жобаларды жүйелі түрде ұйымдастырады. Балалар байқауларға қатысу арқылы өз қабілеттерін танытып қана қоймай, жаңа идеялар мен шығармашылық әдістерді үйренеді. Бұл тәжірибе олардың ой-өрісін кеңейтіп, мемлекеттік тілде шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырады.

Балалардың шығармашылыққа деген ынтасын арттыруда мультфильмдер, ертегілер, өлеңдер, суреттер мен қолөнер жобалары да маңызды рөл атқарады. Байқау секілді шаралар балаларға оқу мен шығармашылық арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік береді, олардың ойлау қабілетін, қиялын және көркемдік талғамын дамытуға септігін тигізеді. Осылайша, балалар өздерін шығармашылық тұрғыдан дамытып қана қоймай, өз ойларын басқаларға жеткізе білуге үйренеді.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын мемлекеттік тілде дамыту бойынша жобалар мен бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асырылып отыр. Бұл шаралар жас ұрпақты шығармашылыққа тартуға, олардың әлеуетін ашуға, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді. Түркістан қаласы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуда белсенді рөл атқарып, олардың шығармашылық әлеуетін кеңінен қолдауда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *