Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту – өңірдің стратегиялық басымдықтарының бірі болып отыр. Мемлекет тарапынан жүйелі түрде қолға алынған медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, ауылдық және шалғай елді мекендерде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған. Осы орайда, Ордабасы ауданының Қараспан ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Бұл нысан тұрғындарға заманауи медициналық қызмет көрсетуге арналған және ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратын әлеуметтік нысан болып табылады.
Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Өңір басшысы облыста әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Ол өзінің сөзінде:
– «Баршаңызды кеше өткен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бірінші кезекте билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек» деп, нақты тапсырма жүктеген болатын. Біздің басты мақсатымыз – әрбір тұрғынның сапалы медициналық қызмет алуы. Денсаулық сақтау саласын дамыту – өңір дамуының стратегиялық бағыты», – деді.
Жаңа дәрігерлік амбулатория 2024 жылдың қараша айында «Лидер Строй» ЖШС құрылыс компаниясының атсалысуымен салынып, Түркістан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ордабасы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК теңгеріміне берілді. Нысанның жалпы құны 201 миллион теңге. 0,25 гектар аумақта орналасқан ғимараттың жалпы ауданы 376,9 шаршы метрді құрайды. Мұнда 52 медицина қызметкері еңбек ететін болады.
Амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Дәрігерлік амбулатория қызметі аясында тіс дәрігері, физиотерапия, акушер-гинекология, кеңейтілген мейіргер бөлмесі, тегін дәрі-дәрмек беру орны, дені сау бала бөлмесі, күндізгі ем алу бөлмесі, сүзгі бөлмесі, ине және екпе егу бөлмесі, дезинфекциялық ерітінді дайындау бөлмесі, дәрі-дәрмек қоймасы, педиатр, психолог және әлеуметтік қызметкерлерге арналған арнайы кабинеттер қарастырылған. Амбулатория бір мезетте 100 адамды қабылдай алады.
Қараспан ауылдық округі мен оған қарасты елді мекендерде тұратын 14 мыңнан астам тұрғын енді сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады. Жаңа нысан арқылы тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі, бұл ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау қызметін тиімді әрі қолжетімді етеді.
Облыс көлемінде денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында 219 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 73 нысанға қажеттілік бар және ол 3 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады. 2025 жылы жергілікті бюджет есебінен 34 жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Сонымен қатар, медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау деңгейі 84,7 пайызға жеткен.
Жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы – тек бір ауыл үшін ғана емес, жалпы Ордабасы ауданының тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік оқиға. Бұл нысан жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғау, уақытылы медициналық тексерулер жүргізу және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауылдық жердегі денсаулық сақтау саласының дамуы облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсер етеді, тұрғындардың өмір сапасын арттырады және жастардың, еңбекке қабілетті тұрғындардың денсаулығын нығайтады.
Амбулаторияда қызмет ететін мамандар өз істеріне адал болып, әрбір тұрғынға жеке қарауға, қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын. Бұл ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартумен қатар, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға, тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Алдағы уақытта облыста денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылатын болады. Жаңа амбулаториялар, заманауи медициналық жабдықтар, кәсіби мамандардың жұмысы – ауылдық жерлердегі тұрғындардың денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бұл жобалар ауылдық тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың мемлекеттік әлеуметтік қолдауға деген сенімін арттырады.
Жалпы, Ордабасы ауданында ашылған жаңа дәрігерлік амбулатория – Түркістан облысының ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласын дамытудағы жүйелі жұмыстардың айқын көрінісі. Бұл нысан тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетумен қатар, өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосып, ауылдағы өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып отыр.
Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту, ауылдық және шалғай елді мекендерде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру – облыс әкімдігінің басым бағыттарының бірі. Ордабасы ауданындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы осы бағыттағы нақты іс-шаралардың жемісі болып табылады.
Жаңа нысан тұрғындардың денсаулығын қорғауға, профилактикалық қызмет көрсетуге, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сапалы ұйымдастыруға және ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, Түркістан облысын еліміздегі әлеуметтік және экономикалық дамуы қарқынды өңірлердің біріне айналдырады.
